Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Дэвид Бекхэм болса, ұялы телефоннан мүлдем бас тартуға әзір. Себебі экс-аяқдопшы гаджетке құмарлығының кесірінен жүргізуші куәлігінен айырылды. Ол көлік тізгінінде смартфонмен ұсталып қалған екен.

Дэвид Бекхэмнің басын дауға қалдырған оқиға Лондон көшелерінің бірінде орын алды. Аяқдопшының көлікте ұялы телефон қолданғанын белгісіз біреулер суретке түсіріп алған. 44 жастағы спортшы жол ережесін сақтамағыны үшін енді 976 мың доллар айыппұл төлеп, жарты жыл куәліксіз жүруге мәжбүр.

Бритни Спирстың анасы сотқа жүгінді. Таяуда ғана жүйкесі жұқарып ем қабылдаған әншінің денсаулығы қайта сыр берген көрінеді. Сол себепті арудың ет жақыны заң өкілдерінен көмек сұраған екен. Оның бар қалауы қызына деген қамқорлықты заңды түрде қолына алу. Өйткені Бритни талай жылдан бері әкесінің қарауында болған.

Шарлиз Терон «Форсаж» фильміндегі Сайфер кейіпкеріне арналған жеке спин-оффқа ие болды. «Universal» киностудиясы актрисаның образындағы хакер қыздың хикаясын толықметрлі картинаға тоғыстырмақ. Шарлиз «Форсаждың» соңғы 8-ші бөлімінде зұлым бикешті сомдаған еді. Жоба авторлары әйгілі франшизада өрбитін оқиға келер жылы бастау алады деп отыр.