Джастин Бибер мен Эд Ширанның ортақ трегі әлемдік рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибердің тыңдармандары шығармашылығын сағынып қалғаны анық. Әнші жігіт ұзақ уақыт музыка әлемінен тасада жүрген еді. Енді міне Бибер, су жаңа туындысымен қайта оралып, бірден рекорд орнатты.

Бибер кезекті «I Don't Care» әнін, Эд Ширанмен бірігіп орындаған. Қос музыканттың әні жарыққа шыққан сәтте, «Spotify» платформасында 10 млн 980 мың рет тыңдалған екен. Көптің қызығушылығын тудырған дәл осы ән бүгінде 56 мемлекеттің iTunes-інде көш бастап тұр.