Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Дженнифер Лоуренстің Канн фестиваліне мүлдем уақыты жоқ. Актриса күні кеше сүйіктісі Кук Маронимен сөз байласты. Енді қос ғашық үйлену тойына қызу дайындалуда.

Дженнифер Лоуренстің болашақ жары Кук МаронИ - 34 жастағы мәдениеттанушы. Бір жылдан аса уақыт көңіл жарастырып жүрген жұп, Нью-Йорк қаласында ет жақындарын жинап үйленеміз деп уәделесті. Голливудтың танымал актрисасы айтулы күнге «L.Wells» брендінің көйлегін киіп келген. Қос ғашықтың айтуынша, бұл дүбірлі тойдың алдындағы кішігірім дайындық.

Ченнинг Татум суретші ретінде танылуға ниетті. Би мен актерлықты қатар алып жүрген сері, өзінің жеке галлереясын ашуды жоспарлап қойыпты. Себебі Татум соңғы бірнеше жылда фото картиналар салумен айналысқан көрінеді.

«Тақтар ойыны» телехикаясына арналған деректі фильмнің трейлері жарық көрді. Әйгілі сериал көрермендерімен қоштасып қана қоймай, түсірілім алаңындағы қызықты оқиғалармен таныстырмақ. Жоба авторлары «Соңғы барлаушы» картинасын, телехикая аяқталғаннан кейін ұсынады. Аталмыш туындының тұсауы «HBO» арнасында 26-шы мамырда кесілмек.