Алматы сән апталығы

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық фэшн саланың «Джиджи Хадидтері» болса, Алматы сән апталығында жарқырады! Жұлдызды қонақтар мен емханадан қашып кеткен модельдер! Қысқасы, дизайнерлердің басын қосқан бұл кеш, қызықты өтті.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Алматы сән апталығы өз есігін айқара ашты. Бүгінгінің тренді қандай? Ең сәнді атану үшін қалай киіну керек? Дәл осы сұрақтардың жауабын бүгінгі кештен білетін боламыз.

Сән саласының бомондын жиған фэшн шарада алғашқы болып «Кірпі» бренді топтамасын таныстырды. Ашық-жарқын түстерден құралған бұл үлгілер, ретро стильді еске салады. Сөйтсек, дизайнер, әжесінің альбомын ақтара отырып, көне суреттерден шабыт алған екен.

Лилия Мамиева, дизайнер:

- Топтамамды марқұм әжеме арнаймын. Ол кісі қиын-қыстау заманда өмір сүрді. Соған қарамастан, әрдайым талғаммен киіне білген. Үлгілерді әзірлегенде, әжемнің ескі фотоларына қарап, бұрынғыны жандандырғым келді.

Қысқасы, Лилия Мамиеванының пікірінше, көне киімдер қайта сәнде. Ал, фэшн кеште үлгілерін ұсынған «Лаима» үшін, нәзіктік әрдайым трендте. Сондықтан, топтама әсем көйлектер мен ашық түстерден құралған. Киімдерден гүл принттерін байқауға болады.

Альфия Испергенова, дизайнер:

- Әрбір әйел адам әйел кейпінде киініп, өте әдемі түстер киініп жүрсе деймін. Сондықтан бар әйелдерге айтатыным, гүлдей жарқырай беріңіздер.

Айтпақшы, сән апталықтың дебютанты атанған Альфияның көрсетілімінде Баян Бокишева /00.16.17/ да көзге түсті. Әлемге әйгілі қазақ аруы фэшн-шоудың соңғы нүктесін қойған еді.

Almaty Fashion Week-тің қонақтарын Леонид Жеребцовтың жаңашылдылығы аздап есеңгіреткендей. Тың идеяға жаны жақын дизайнер, киімдеріне «медицина» тақырыбын негіз еткен.

Мадина Балғабаева, тележүргізуші

- Леняның бүгін ерекше форматтан тыс көрсетілім болды, бүткіл жиналған адамдар аң-таң өзіңіз де көрген шығарсыз. Пластикалық хирургияға арнаған, бұл енді қазақстандық сән әлемінде бұрын-соңды болмаған көрсетілім болды. Өте жақсы көрсетілім, жақсы әсер алып жатырмыз.