Киану Ривз өз тақтайшасына ие болды

Сообщить о проблеме с эфиром

Киану Ривз кино саласына сіңірген еңбегі үшін құрметке лайық. «Матрица» жұлдызы Голливудта, өзінің саусақ іздері басылған тақтайшаға ие болды.

54 жасқа келген актер дәл осындай қолтаңбаға «Джон Уик» фильмінен кейін жеткен. Актер бүгінде шытырманға толы лентаның үшінші бөлімін ұсынды. Аталмыш картинада басты рөлді сомдайтын ол, тыңшылық жұмысын жалғастырмақ. Тіпті Киану тақтайшаға «Джон Уик» жобасына деген алғысын жазуды да ұмытпады.

Киану Ривз, актер:

- Киноны сүйемін. Голливудтың дәл осындай жерінде тұру – мақтаныш. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғысым шексіз.

Киану басты рөлді сомдайтын криминалды картинаның кезекті хикаясы, 16-шы мамырдан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі