Жұлдызды жанұя

Сообщить о проблеме с эфиром

Киген әр көйлегі талқыланатын Меган Марклға соңғы кезде халықтың қызығушылығы артуда! Патшалық әулет ең үлгілі отбасыға айналуды көздегендей. Мәселен, әке атанған Гарри ханзада балалар емханасына барып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Жуырда ғана «әке» мәртебесін иемденген Гарри, емханадағы ата-аналармен тілдесіп, балақайлармен біраз ойнады. Тіпті, бүлдіршіндердің кейбірі ханзаданың тұңғышына арналған тартуларын табыстады.

Гарри Ханзада:

- Маған сыйға тарттың ба? Көп рахмет! Сыйлығыңды үйдегі ұлыма апарып беремін.

Бұдан өзге де сыйлыққа ие болған патшалық әулеттің кенжесіне әлі де талай тартулар табысталатыны анық. Еске салсақ, ақсүйек әулетінің атұстарына Арчи есімін қойған еді. Балақай бүгінде британдық таққа үміткерлер тізімінде алтыншы орында.

Кішкентай Арчидің әкесі жер-жерді аралап жүргенде, Меган біраз уақыт ұлының жанында болуды жөн санағандай. Марклдың адал жанкүйерлері, оның ел алдына қашан шығатынына болжам жасап, бәс тігіп жатқан да көрінеді. Көпшіліктің пайымынша, Меган енесі Елизаветаның туған күнінде, яғни 8 маусымда халықпен қауышады