Алматы сән апталығы

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар болса, Almaty Fashion Week-тен табылды! Апталықтың соңғы күні, дизайнерлер оверсайз үлгіде киінетін аруларды қатаң сыннын астына алды. Шеберлердің пікірінше, нәзік жандылар өз болмысын ұмытпауы тиіс.

Арулар, асыл жандар, көктемдей құлпырыңдар! Топтамасын әзірлеуде, осы тіркестерді негіз еткен «Лали» дизайнерін сахнаның сыртынан тауып алдық. Көрсетілімге санаулы секунд қалса да, сәнгердің бойынан қобалжу әсте байқайлмайды.

Лали Фазылова, дизайнер:

- Коллекциямның аты «Гарден». Үлгілер арқылы, аруларға нәзік болу әрдайым сәнде екенін еске түсіргім келді. Қазіргі таңда, әйел адам өзінің нәзік болмысын жоғалтып алғандай.

Гүл бағын еске салатын Лалидің үлгілері 40-шы, 50-ші,60-шы жылдардағы сәнді қайталауға тырысқан. Шебердің пікірінше, дәл осы кезеңде қыздар нағыз аруларға сай киінген.

Лали Фазылова, дизайнер:

- Осы үлгілерді әзірлеу үшін, біз өзіміздің матамыз бен принттерімізді арнайы шығардық. Яғни, бұл толықтай авторлық жұмыс.

Оверсайз пальтолар мен костюмдер! «Амели» бренді керісінше, әйел бойындағы қайсарлықты нәзіктікпен үйлестіргісі келгендей. Тіпті, брендтің атауы да Тынық мұхитының үстімен ұшып өткен тұңғыш пилот әйел – Амелияның құрметіне қойылған.

Топтаманы таныстырған арулар арасында жалғыз жігіттің төбе көрсетуі де бекер емес екен.

Аделина Мухатова, дизайнер:

- Болашақта унисекс киімдерді тігуді жоспарлап отырмыз. Топтамамыз бүгінгі заманның қыздарына арналады.

Almaty Fashion Week-тің бүгінгі қатысушыларына, сән апталығының майталманы Леонид Жеребцов әріптес ретінде өз пікірін айта кетті.

Леонид Жеребцов, дизайнер:

- «Лали» қазіргі заманға сай үлгілер әзірлеумен ерекше. Амелиге келер болсам, киімдердің пішімі мен тігісі ұнады