Аша Матай қайын жұртынан неге кешірім сұрауға мәжбүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Халық арасында қауесет таратқан Арман мен Ашаның хайпы сәтсіз болған секілді. Жаңа клипті жарнамалауда, тың тәсілді таптық деп топшылаған Матай, енді қайын жұртының алдында айыпты. Ойыннан от шығарған жұлдызды жұптың хикаясынан тағы бір деректің шеті шықты!

Даудың басы Арман мен Ашаның дәл осы бейнебаянының тұсаукесері қарсаңында туындаған. Су жаңа клипті насихаттауды мақсат тұтқан олар, инстаграмда бір-бірінен бас тартып, «ажырасты» деген қауесеттің шығуына себепкер болды. Тосын ақпаратты күтпеген жұлдызды жұптың жанкүйерлері, бұл іске Қоңырбаевтың әпкесі Айгерімнің қатысы барын топшылап, оған жағымсыз жазбалар қалдырған.

Арман & Аша:

- Бір қыз оған криктикамен жазып тастаған ғой. Сен кінәлісің деп. Неғып ол кінәлі болып қалғанын өзі де білмейді. Ол кінәлі болып шықты. Оны боқтап тастады! Осының бәрін бүлдіріп жүрген сен деп, менің әпкеме жазыпты.

Аша Матай, жас оқырманның оғаш қылығы үшін, қайын әпкесінен кешірім сұраған.

Арман & Аша:

- Біз өзіміз таңғалып қалдық кәдімгідейі. Сосын мен Айгерімге қоңырау шалып: Айгера, сен қалай қабылдап жатсың, уайымдамаш. Неге жазғанын білмейміз деп. Өзі де айтады, жоқ барлығы дұрыс!

Дәл осы идеяның авторы Арман, жақынының басын дауға іліктіргені үшін әкесі мен анасынан да сөз естіген.

Арман & Аша:

- Біз менің ата-анаммен бірге тұрамыз ғой. Ұнамады оларға. Папамыз бірден: маған ұнамайды, не істеп жүрсіңдер, анау-мынау, деді. Ой, түсінбейсіз деп қоямын мен де.

Арман мен Ашаның бұл пиар қадамына тек ата-анасы емес, шоу-бизнестің өкілдері де жатырқай қараған.

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

- Аша Матай мен Арманның ажырасып жатыр деген хайптары өтпей қалды!

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Арман мен Ашаны естігенде мен жаман қорқып қалдым. Расында да уайымдап қалдым! Айтады ғой, ойыннан от шығуы мүмкін деп. Сондықтан да, ондай әзілдің қажеті жоқ деп ойлаймын.

Хайп түбі – айып! Жанұясы жайлы жайсыз жаңалықпен жұртты дүрліктірген жұлдызды жұп, бұдан былай әр қадамын аңдып басатын болар!