Q-pop өкілдері енді шет тілде ән салмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Ninety One» тобы енді өзге тілде ән салмақ. Алғашында қазақ поп музыкасын насихаттаймыз деп бекінген өнерпаздар, өз ойларынан айныған сыңайлы. Q-pop өкілдерінің шет тілде әндете бастауының себебі неде? Тілшіміз біліп көрді.

Дәл осы «Танцы» трегімен алғаш рет орысша ән салған «EQ» тобы, бұдан-былай шет тілде өнер көрсетпекші. Ресейлік блогермен құрған дуэттен шабыт алған жігіттер, енді өзге елдің тыңдармандарының көңілінен шығуға ниетті.

EQ тобы:

- Бұл белгілі бір вайп, белгілі бір аураның сезіну, яғни адамға деген эмоция. Эмоция сыйлау. Ал өзгеше тілде айтылу бұл өзге елдің тыңдармандарына қалай айтсам болады, жеткізу. Яғни өзімізді жеткізу. Бізді жақынырақ білсін деген мақсатпен. Топты популяция, пополизировать ету мақсатында.

Әрбір трекке ағылшынша сөздер қосатын «Ninety One» да, қазақ тілімен шектеліп қалмаймыз деп отыр. Мемберлер жуырда жарық көретін «Dopamine» альбомының екінші бөлімінде түрлі тосын-сыйдың күтіп тұрғанын жеткізді.

Ninety One тобы:

- Біз дәл қазір кішкене бұрынғы өзіміздің қойған бір планкадан кішкене асқымыз келеді ол жерден кеткіміз келеді. Және жаңа дүние істегіміз келіп жатыр.

«MadMen» тобының ойынша, бастысы сапалы музыка шығару. Және де әуен міндетті түрде заманауи болуы тиіс дейді

MadMen тобы:

- Егер жақсы звучания болып тұрса неге қоспасқа, неге үйтіп айтпасқа деген сияқты ғой бұл жерде. 10:06 Заманауи бағыт бұл, замануи музыканың бағыты сондықтан да бұл наборот керісінше жақсы.

Тек қазақ тілі емес, шет тілде де ән айтуды қолға алған q-pop өкілдерінің мақсаты - өзге ұлт тыңдармандарының арасында да танылу.