Жаңа бейнебаян ұсынған Крис Браун, кезіндегі танымалдылығын қайта жаңғыртпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық музыкант Крис Браун бұрынғы атағын қайтармақшы. Оған әнші жігіт, су жаңа «Wobble» трегім себеп болады деп отыр. Жаңа бейнебаян таспалаған сері, бұл туындыны өзге әншілермен қосыла шырқаған.

Крис Браун кезекті еңбегін Никки Минаж және G-Eazy-мен бірігіп орындады. Триоға айналған өнерпаздардың бұл әні бірнеше ай бұрын жарық көрген еді. Крис алғашқыда трек тыңдармандар арасында хитке айналса, бейнебаян таспалаймын деп уәде берген еді. Байқауымызша, Рианнаның экс-ғашығын фанаттары сағынып қалған сыңайлы.