Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Зои Кравец «Канн» кинофестивалінің жұлдызы атанбай-ақ көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Себебі бикеш жуырда ғана тұрмыс құрыпты. Алайда актриса, қуанышты жаңалығын елден жасыруды жөн көрген.

Зои Кравецтің күйеуі атанған сері - Карл Глусман. 31 жастағы актермен бикеш 2016 жылдан бері көңіл қосқан екен. Ғашықтар былтыр үйленеміз деген шешім қабылдап, сөз байласқан. Алайда жас жұбайлар дүбірлі тойдан бұрын, жақындарының арасында кішігірім кеш өткізіпті. Заңды неке қию рәсімі Зоидың Париждегі үйінде болған.

Майли Сайрус әншілікпен қатар, телехикаяда өзінің бағын сынап көрді. Өнерлі ару «Қара айна» атты сериалдың бесінші маусымында басты кейіпкерлердің бірін сомдайды. «Netflix» компаниясы таспалаған туындыда, Майли әншінің рөлінде. Сайрустың бұл туындыдағы образын 5-ші маусымнан бастап тамашалай аласыз.

Приянка Чопра қайырымдылықпен көзге түсті. Актриса БҰҰ-ның ерікті елшісі ретінде Африка тұрғындарымен кездесіп қайтқан. Приянканың бірнеше күндік жол сапары – дәл осы елдің нәзік жандыларымен тілдесу мақсатында жүзеге асқан.