Канн фестивалінде Тарантиноның өзін шаң қаптырған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Канн фестивалі де өз мәресіне жетті! Биылғы сайыстың күтпеген тосын сыйы тола екен! 25 жылдан кейін жүлдеден үміттілер қатарында қайта оралған Квентин Тарантино бас жүлдеден дәмелі еді. Алайда, «Алтын пальма бұтағы» дүлдүл режиссердің көзінен «бұлбұлдай» ұшты.

Аль Пачино, Брэд Питт, ДиКаприо бастаған Голливудтың қаймақтарын бір картинаға тоғыстырған Квентин Тарантино бас жүлде алады деп топшылаған еді көпшілік. Алайда, жұлдызды құрамға қарамастан, лента қазылар алқасының көңілінен шықпады. Фильм, тек «Пальм Дог» жүлдесіне лайық деп танылды. Тарантиноны шаңына да ілестірмеген - Пон Чжун Хо болды. Режиссердің «Паразит» фильмі «Алтын пальма бұтағын» еншіледі.

Пон Джун Хо, режиссер:

- 12 жасымда киноға ғашық болып, режиссер атануды армандадым. Енді, міне мына марапатты қолымда ұстап тұрмын. Барлықтарыңызға рахмет!

Еске салсақ, Пон Чжун Хо Канн фестивалінде жетістікке жеткен тұңғыш корейлік картина саналады.Бүгін, Антонио Бандерастың да көңілі көтеріңкі! Оның «Даңқ пен дерт» картинасындағы актерлық ойыны оң бағаланып, арнайы мүсінше енщіледі.

Антонио Бандерас, актер:

- Кино саласында жүргендіктен, режиссердің образын сомдау мен үшін оңай болды. Алайда, менің кейіпкерім өз-өзіне адал жанның бірі. Меніңше, мұндай адамдар қазір жоқтың қасы.

Бандераспен бірге, Пенелопа Круз да аталмыш лентаның түсірілім алаңынан табылған еді. Алайда, сылқым өзгелерден оза шаба алмады. Кинофестивальде «ең үздік актриса» марапаты – «Балақай Джо»-да төбе көрсеткен Эмили Бичемге бұйырды. Ал, режиссерлық жұмысқа келгенде, ағайыны Дардендерге тең келері табылмады. Белгиялық киногерлардың «Жас Ахмеды» талғаммен таспаланса керек. Байқағандарыңыздай, бұл жолы Канн фестивалінде бір де бір америкалық лента жеңіске жете алмады.