Аңдамай сөйлеген Асылхан Төлепов, ата-анасының алдында айыпты

Сообщить о проблеме с эфиром

Асылхан Төлепов ата-анасының алдында ыңғайсыз жағдайға тап болды. Аңдамай сөйлеген актер, баласын «ұлым» деп меншіктегені үшін айыпты. Алғашқы немерені әке шешеге табыстаған ол, тіпті тұңғышын құшырлана сүюден де қалған көрінеді.

Асылхан Төлепов, актер:

- Талап қойдым. Үйдегілерге де айттым, ағама, қарындасыма да айттым. Ешкім тек ұлымыздың суретін салмай-ақ қойса екен деп. Әзірге кішкентай енді. Тіл-көз деген бар деген сияқты.

Алғашқыда ата-анасы, аға-бауырларына деген талапты дәл осылай күшейткенін айтып, ағынан жарылған Асылхан, санаулы секундтан соң аңдамай сөйлегенін аңғарды.

Асылхан Төлепов, актер:

- Мен жана ұлым деп қойған жоқпын ба? Ата-әжесінің ұлы ол. Ұлым деп қалып, үйге барып сөз естімейік. Кешірім сұраймын, көп сөйлеп қойған шығармын.

Сұхбат сәтінде аңғал актердың ақ көңілділігі де анық байқалады!

Асылхан Төлепов, актер:

- Ассалаумағалейкум, аға! Ассалаумағалейкум! Ассалаумағалейкум!

Айқынды күнде тек көк жәшіктен ғана көретін тыңдармандары, көшеде кездестірсе сұхбатқа да қарамайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Айқын аға, қалыңыз қалай? – Жақсы, жақсы! -Уағалейкумассалам

Төлепбергенді камера алдында бірде қарапайым халық тығырыққа тіресе, кейде тілшілердің сауалы да састырады. Отандық шоу-бизнесте дардай 15 жылдық тәжірибесі бар Айқын, бұл жолы ән авторларын есіне түсіре алмай дал болды.

- Авторлары... так подожди. Мен авторын көріп алайыншы. Так... Просто сөзін жазған кім еді. Соны есіме түсіре алмай тұрмын қазір.

Төлепберген телефонға қанша телмірсе де, сазгер мен ақынның аты ойға орала қоймады. Әңгіме әншінің «Синфронтера» тобымен қосыла шырқаған, екінші туындысы туралы еді. Айтпақшы, аталған тректің таяуда тұсаукесері!