Асқар Бисембин «Біздің сүйікті дәрігер» картинасының жалғасын таспалайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асқар Бисембин кезекті туындысын таспалауға жүрексініп жүр. Қорықпай қайтсін, комедиялық картиналар режиссері енді атауынан ат үркетін «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің жалғасын түсірмек! Ал, ондағы басты рөлге Данелия Төлешова лайық деп танылыпты.

Әрдайым көңілді жүретін Бисембин бұл күні аса байсалды. Тіпті, режиссер журналистермен кездесуге қарапайым стилінен бас тартып, костюм киіп келген жайы бар. «Біздің сүйікті дәрігер»-дің жалғасын қолға алған ол, Шәкен Аймановпен тең келуге әсте талпынбайды. Десе де, «болмаса да, ұқсап бағуға» ниетті.

Асқар Бисембин, режиссер:

-00:27:00 Сенімге қарағанда күдігім басым. Уайымдап жүрмін. Алайда, ең бастысы кадрды ойлау керек. Халық міндетті түрде сын айтады. Себебі, классиканың жалғасын таспалауға келгенде әрдайым осылай. Бірақ, қолымыздан келгенше тырысамыз.

Болашақ лентаның сюжеті бәз-баяғы оқиғаны қайталамақ. Алайда, бұл жолы сүйікті дәрігер 80 жылдығын атап өтер тұста, қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткереді.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Бұрынғы актерлар ішінен Бибігүл Төлегенова мен Юрий Померанцев төбе көрсетпек. Одан өзге, жаңа есімдерді ашуға тырыстық. Актерларға әлі де кастинг жүргізіліп жатыр.

Бекітілген актерлар тізімінде Данелия Төлешова да бар. Басты рөлдердің біріне бекітілген балақайдың, бұл кинодағы дебюты болмақ.

Данелия Төлешова, әнші:

- Осы киноны кезінде отбасымен бірге тамашалаған едік. Фильмнен алған әсеріміз ерекше. Сондықтан, маған киноға түсуге ұсыныс түскенде қатты қуандым. Болашақта, арнайы кинокурстарына бару да жоспарымда бар.

Киногерлер фильмнің түсірлім барысында, жаңа технологиялардың көмегімен ескі Алматыны көрсетуді көздеп отыр. Картина мюзикл жанрында таспаланбақ.