Корейлік «Blackpink» ұжымы «Spice Girls» -ден онжылдықтың ең табысты тобы атағын тартып алмақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал корейлік «Blackpink» тобы үздік! Төрт қыздан тұратын k-pop ұжым соңғы онжылдықтағы «ең табысты қыздар тобы» атанды. 1 млн доллардан астам пайдаға кенелген гелзбенд, «Spice Girls» -тің дүркіреген дәуреніндегі рекордын жаңғыртпақ!

2016 жылы құрылған «BlackPink», АҚШ еліне танылған алғашқы корейлік қыздар тобы. Әйгілі «Billboard» музыкалық чарттында талай рет көш бастаған төрттік дәл осы жылы «Coachella» фестивалінің қадірлі қонағы болды.

Әлем бойынша фанаттар жасақтай алған k-pop өкілдерінің таяуда ғана жарыққа шығарған «Kill This Love» бейнебаяны да youtube-те рекорд жаңартқан еді. 1 тәулікте 56 млн-нан астам қаралым жинаған клип, Ариане Гранденің өзін шаң қаптырған.