V$XV PRiNCE мен DIZZY Алматылық түлектерге тосын сый жасады.

Сообщить о проблеме с эфиром

DIZZY компаниясы болса, күллі алматылық түлекті ерекше патиге жинады! Әйгілі бренд мектеп бітірушілерге арнап, опен-эйр ұйымдастырды. Көтеріңкі көңіл-күй, түрлі эмоция мен сахнаның жұлдызы V$XV PRiNCE / Қысқасы бұл кеш, бұрынғыдан өзгерек!

Алып шаһардың күллі түлектері осында жиналды ма дерсіз. Ерек концерттің ұйытқысы атанған – DIZZY компаниясы, айтулы күнде, мектеп бітірушілеріне дәл осындай тосын-сый ұсынуды жөн көрді.

«Bye Bye school Party» -де жас түлектерге арнап жаңа буын әншілері арнайы шықыртылғанды. Мұндағы әсерлі атмосфера, сахна төрінен табылған хип-хоп орындаушыларын да бей-жай қалдырмады.

«Yans» тобы:

- Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен бірге «Янс» тобы. Шараның қонағы атанғанымыз үшін қуаныштымыз! Бәрінің көңіл-күйі тамаша!

Mysadeyes, әнші:

- Мұндағы атмосфераны айтып жеткізу мүмкін емес! Түлектерге қарап, өзімнің мектеп кезімді еске алдым. Бүгінгі күн, олар үшін расымен маңызды екенін жақсы түсінемін.

Опен-эйрдың көркі қызған тұста, жаңбыр себелей түсті. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, халық тарқасуға асықпады. Себебі, энергетикалық DIZZY сусыны келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен ерек қуат сыйлағанды. Ал, кештің басты хэдлайнері - V$XV PRiNCE атанды.

Кейіннен, келген қонақтар хип-хоп орындаушысымен ортақ ән шырқап, қимай қоштасты. Десе де, мұндағы әрбір жанның көңілі көтеріңкі!