Рами Малекті азарттық ойындар қызықтыра қоймас!

Сообщить о проблеме с эфиром

Актердың құмарлығын да, құштарлығында бір ғана жан оята алады! Сондықтан да, сері бүгін сүйіктісіне жүзігі мен жүрегін ұсынды. «Богемдық рапсодия» серінің жұлдызын ғана жаққан жоқ, өмірлік серігін де тауып берді.

Әйгілі «Queen» тобының мүшесі Фредди Меркьюридің образы, Рами Малектің өмірін күрт өзгертті. «Үздік актер» атанып, қанжығасына «Оскар» байлаған Рами мен фильмнің басты кейіпкері Люси Бойнтон арасындағы ғашықтық сезімі, өмірде де жалғасын тапқанды. Енді, олар өз алдарына отау тігіп, дүркіретіп үйлену тойларын жасамақ.

Ал, Джастин Бибер мен Хейли Болдуин дүбірлі тойларын керісінше, кейінге шегерді. Былтыр күзде олар заңды некелерін қидырды. Бірақ, салтанатты жиынды, 1-2 айдан соң жасауға уәде еткенді. Дегенмен, Бибер денсаулығының сыр бергенін алға тартып, той өткізуге асығар емес. Серінің бұл қиғылығы олардың қарым-қатынасына салқынын тигізіп жүрмесе болғанды.

Карди Би кішкентай ханшаймына бағалы сыйлық жасады. Небәрі 10 айлық Калчерге, рэп орындаушы 80 мың долларлық білезік тарту еткен. Дүние мүлкі бүгінде 8 млн АҚШ долларын құрайтын өнерпаздың таңдауы – «Pristine Jewelers» брендіне түсіпті. Сүйіктісі Офсетпен ортақ бір қыз тәрбиелеп отырған Карди, ет жақындарынан барымды аямаймын деп отыр.