Жиіркенішті образдарымен инстаргамды шулатқан актерлар қай фильмде бой көрсетпек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші: @nursultan_yeszhan

- Бір ай бойы инстаграм әлеуметтік желіні шулатып, жиіркенішті образдарымен жұртты таңқалдырған актерлар қандай фильмге түсіп жатыр екен?!

Дәл осы көз үйренбеген образдарға толы картина, режиссер Ернар Нұрғалиев пен актер Жандос Айбасовтың ортақ жобасы. Су жаңа «Порыбачим» атты комедия таспалап жатқан олар, көрерменге бұрын-соңды болмаған жанр ұсынбақ.

Нұрсұлтан Есжан, тілші: @nursultan_yeszhan

- Мен түсірілім алаңына қаладан келгендіктен, ұжымнан ерекшеліненіп тұрдым. Сондықтан мұндағы актерларға жалпы ұжымға ыңғайсыздық тудырмау үшін, бірден бетіме осындай грим жасап алдым. Жалпы түсірілім жұмыстары өте қызық жүріп жатыр.

Толықметрлі комедияның кейіпкерлерін әрлеу үшін мамандар арнайы шетелде оқып келген екен.

Дулыға Ақмолда, актер:

- Дулыға аға бұл толыққанды грим емес сізде ия?

- Енді толыққанды грим деп айтуға болды. Бірақ әлі толықтыратын жерлері бар.

- Ол қай жер?

- Көз, мына жаққа линза салынады ақ түспен бір көз.

- Образыныз туралы айтып беріңізші? Сізде бұған дейін мүндай грим болды ма?

- Кинода мұндай ауыр грим болған жоқ. Грим 1,5 сағаттай жасалынды. Жалпы, мен осы фильмде гримерлардың жұмысына үлкен баға берер едім.

Данияр Алшынов, актер:

-Данияр бұл өміріңдегі ерекше фильм ба?

- Бұл жанр мен үшін ғана емес, қазақстандық киносүйер қауым үшін жаңаша бір жоба болмақ. Біз барынша қалыптасқан стреотиптерді бұзғымыз келеді. Себебі бүгінде ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан бізде тек әзіл ғана емес, картинканың өзіне көп көңіл бөлініп жатыр.

Ернар Нұрғалиев, режиссер:

- Ернар, мұндағы актерлардан аса бір қатты ерекшеленбейін деп грим жасап алдым қалай?

- Жақсы шықты.

- Бұған дейін қазақ кино өндірісінде осындай туындылар болды ма, немесе сәл-сәл ұқсас па?

-Ондай ұқсастық жоқ, даже стилистика. Операторский стилистика, даже кадрлар, актерский игра, диалог, в основном здесь юмор. А здесь меньше диалога, больше действий.

-Біздің актерлер сұхбат барысында айтушы еді, біз ерекше образ қалаймыз, өзіміз түрлі жанрда актер ретінде, сынап көргіміз келеді деп. Бұл жолы дөп түскен сияқты. Өйткені образдары ерекше, гримдары да өзгеше. Мұндай кейіпкерлерді жатсынып жатқан жоқ па? Біздік актерлар?

-Жоқ қиын болып жатқан жоқ. Наобарот оларға қызық,. По идеи, актерлар, например, Еркебұлан Дайыровты алсақ ол в основном хандығы, в основном в хорошего играет же. Здесь хотел сделать для зрителей, более такой ауылский. Ну он кайфанул.

Еркебұлан Дайыров, Данияр Алшынов, Дулыға Ақмолда сынды танымал актерлар аталмыш картинада бой көрсетуге бірден келісімін берген. Ал, су жаңа фильмнің операторлық тізгіні Голливуд жұлдыздармен бірге жұмыс жасап жүрген Азамат Дулатовтың қолында.

Азамат Дулатов, оператор:

-Азамат оператор ретінде не айта аласың кино бізді несімен таңқалдырады?

-Жалпы осы сценарийда маған өте қатты ұнағаны, жаңағыдай ходтар бар режиссерский, жаңағыдай операторский ходтар бар неше түрлі. және де спец.грим бар бізде. Қазақстан киносында ол өте қатты дамымаған.

- Азамат сен Голливудтық кино өндірістің ішкі асханасымен жақсы таныссың, қалай ойлайсың біз сол деңгейге қашан жетеміз, жете аламыз ба?

- Ия, Құдай қаласа жетеміз. Өйткені біздің кинолар, Канны да ұтып жатыр Құдайға шүкір, Оскарда көрсетіліп жатыр, оларға біздің кино экзотика сәл, өйткені, біздің ойлау қабілетіміз бәрі өзгеше, біздің этно жағымыз өзгеше, оларға өте қызық.

-Түсірілім жұмыстары 2 айға созылған комедияға, отандық көрермен келер жылдың қаңтар айында баға бера алады.

Нұрсұлтан Есжан, тілші: @nursultan_yeszhan

-Маған бұл туынды өзіндік ерекшелігімен жаңашылдығымен ұнады. Шыны керек түсірілім жұмыстары өте қызық жүріп жатыр. Қаншылықты қызық болса тсрілім жұмыстары, соншалықты ауыр жүріп жатыр. Мынадай грим жасап алып таңнан кешке дейін, түсірілім жұмысына қатысу ол, шыны керек оңай емес екен. Сондықтан мен гримді шешуге кеттім.