«Charity Music Run». Айсұлу Әзімбаева 21 шақырым қашықтықты қалай бағындырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл сайынғы «Charity Music Run» марафоны әдеттегідей, спорт сүйер қауымды таң сәріден жинады. Ауқымды шара салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, қайырымдылық мақсатын орындауға бағытталған. Сондықтан болар, жүгіруге қатысып, игі іске асық жандардың қарасы мол болды.

Марафонға қатысқан қалың топтың ішінен «Charity Music Run» -ның ұйымдастырушылар өкілін де тауып алдық.

Эльдар Сарсенов, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы

- Меніңше, әр адам өзгеге кеңес бермес бұрын, өзі сол дүниеде үлгі бола білу керек. Сол ұстаныммен бүгінгі марафонға да қатысып отырмын. 10 километрлік қашықтықта жүгіріп өттім.

Шарада балаларға арналған жүгіру де қарастырылған. Одан бөлек, жиналған халық таңдауына қарай түрлі қашықтықты еңсеру мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, актриса Айсұлу Әзімбаева үшін 21 километрді бағындыру түк емес көрінеді.

Айсұлу Әзімбаева, актриса:

- Бұл соңғы жылдары қазақстандықтар үшін ең танымал спорт түріне айналды. Жүгіруді жақсы көретін жандар бүгінгі марафонның арқасында бір-бірімен жарысып, достарымен кездесіп, ортақ қызығушылықтарының арқасында кермет күн өткізді.

Ал, «Charity Music Run»-нан түскен бар қаражат қайырымдылық мақсатында жұмсалмақ. Марафон арқылы жиналған барлық ақша онкологиялық дертке шалдыққан сәбилерге көмектесуге бағытталған.