Айгүл Мүкей тұңғыш рет кенже қызын көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды аналар шақалақтарын көпшіліктің көзінен таса ұстайды. Бірі көрермен қызығушылығын оятуға ниеттенсе, енді бірі ырымдарға cенетінін жасырмайды.

Жазира Байырбекова, әнші

- Тіл-көз деген ғылымда дәлелденген нәрсе ғой. Сақтықта қорлық жоқ. Сақтанған дұрыс қой. Мен де Алла қаласа сәбилі болып жатсам, мен де бір жасында бірақ көрсетем.

Зарина Омарова, әнші

-Бір жастан кейін көрсете беруге болатын сияқты негізі. Бірақ, кішкентай кезінде қорқамыз бәріміз, көрсетпеуге тырысамыз. Мен де солай істегенмін. Сол себепті дұрыс деп санаймын.

Жұлдыздар ұл-қыздарын бір жасқа дейін сырт көзден жасырып, кейін жанкүйерлеріне көзайым қылып қуантып жатады. Мәселен, танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей күні кеше кенжесін инстаграм парақшасында алғаш рет жариялады.

Айдана Меденова, әнші

- Мен олай істеген жоқпын енді. Бірақ, дұрыс деп ойлаймын. Ана өзі қалай шешеді, солай болу керек.

«Әнуарымды көпшілікке өзім таныстырам» деп жүрген Мадина Садуақасова, сұқбат беріп тұрған жерінде журналистерге ұсталып қалған.

Мадина Садуақасова, әнші

- Балаңды осылай қолыңа ұстап барсаң, сіздер сияқты журналистер шығады сұхбат алып жатады. Енді қолыңда балаң, кейде біреуге берейін десең ешкім болмай қалады. Сөйтіп Әнуар көрініп қалды.

Ал ырымдар мен тиымдарға келгенде, Мадина әріптестеріне қарағанда батылырақ екен.

Мадина Садуақасова, әнші

- Тіл-көз дегеннен аса қорықпаймын. Бірақ аса тым көп көрсете де бергім келмейді. Бірақ, айтып тұрмын ғой әр отбасында, әр ата-ананың заңы бар. Сондықтан ол да дұрыс шығар.

Айта кету керек Қыдырәлі мен Қарақат та жылдар бойы аңсап тосқан қыздарын бір жасқа дейін жұрт назарынан жырақта ұстады. Дегенмен, бүгінде Аяла инстаграм жұлдызы. Жеке парақшасына 250 мың фолловер тіркеліп үлгерген.