Фотограф Джиджи Хадидті сотқа берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиджи Хадитың басы дауға қалды. Танымал сәнбикені Роберт О’Нейл есімді фотограф сотқа берген. Ол Джиджиді экс-ғашығы Зейн Маликпен бірге түскен суретін рұқсатсыз желіге жүктеді деп отыр. Авторлық құқықты бұзды деген Роберт, айыппұл талап етуде.

Ал голливудтың жарқын жұптарының бірі бүгінде ат құйрығын үзіскен.

Джиджи тіпті жаңа ғашығын кездестіріп те үлгерген. Сылқым актер Тайлер Кэмеронмен бірнеше айдан бері көңіл жарастырып жүр.

Билли Айлиш «Гиннесстің рекордтар кітабына» енді! Небәрі 17 жастағы әнші өзінің дебьюттық жинағының арқасында осы жетістікке жетті. Әлемнің танымал музыкалық чартында 114 апта бойы көш бастап тұрған альбом, соңғы 16 жылда ешкім қайталай алмаған рекродты жаңартқан.

Кристен Стюарт киноиндустрияға сіңірген еңбегі үшін марапатталды. Актриса су жаңа «Дұшпандарыма арналады» картинасын «Довиль кинофестивалінде» таныстырған еді. Францияда өтіп жатқан айтуылы шарада 29 жастағы бикешке «Talent Award» мүсіншесі табысталды.