Жандос Айбасов пен Тәуекел Мүсілім қай голливудтық актермен бір фильмге түспек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

- "Айдаһардың құпия мөрі" – режиссер Олег Степченко таспалаған франшизаның екінші бөлімі. Саяхатшы әрі картограф Джонатан Гриннің хикаяларын баяндайтын фэнтези үлкен экрандарға жол тартты!

Ресей мен Қытай мемлекеттері бірігіп таспалаған кинотуынды екі елдің тарихы мен мәдениетіне негізделген. Джеки Чан мен Арнольд Шварценеггер сынды әйгілі актерлар басты ролдердін сомдаған лента, ресейлік «Вий» фильмінің сиквелі болып саналады.

Жандос Айбасов, актер:

- Бүгінгі кинодан не күтеміз. Калифорнияның бұрынғы губернаторынан қандай ойын күтеміз? Қартайды ғой ол кісілер қанша дегенмен. Джеки Чан да, Арнольд Шварценеггерде.

-Бірақ енді қартайды десек те, әр жастың өзінің бір, керемет сәттері бар. Актер деген жаңағы гүл сияқты, солып өліп қалмайды. Ол ары қарай да жұмыс істеп, басқа да жобарларда істеуі мүмкін. Сондықтан мен бүгінгі кинодан жақсы әсер күтемін. Тем более Джеки Чаннан.

«Кинопарк IMAX» фантастикаға толы картинаны қазақстандық көрерменге алғашқылардың бірі болып ұсынды. Себебі лента, Ресей мен ТМД-да 19-шы қыркүйектен бастап көрсетіледі. Фэнтезиді бірінші тамашалауға келген қонақтарды түрлі тосый сый да күткен-ді. Кеш «Nomad Stunts» каскадерлар командасының трюктер шоуына ұласты.

Жандос Айбасов, актер:

- Джеки Чан мысалы каскадерлық трюктарды өзі жасайды, сен сол фильм үшін, көркем туынды үшін жанкештілікке баруға дайынсың ба?

- Енді бұл бір кішкене екі жағдай бар. Егер де, Джеки Чанның өзі киносын түсіріп, өзінің жобаларын істеп жүрсе ол, өзі трюк жасай алады. Өйткені, барлық жауапкершілігі бәрі өзіне тартылады. Ал, бізде болса, бізді режиссерлар, продюссерлар тартады ғой. Сондықтан біз өзімізге трюк жасауға, ондай неге апармайды.

- Еркіндік бермей ма режиссерлар?

- Бермейді, өйткені ол риск. Егер де ертең бір жерің сынып қалса, бір жеріңді қайырып алсаң, ол съемочный процесстің бәрі тоқтап қалады.Менің егер жекеменшік жобам болса, мен істер едім.

Аталмыш лента АҚШ, Қытай және Ресейдің танымал актерлық құрамымен жасақталған. Британдық Чарльз Дэнс, Джейсон Флеминг сынды топ жұлдыздар мен қоса «Comedy Club» шоуының жүргізушісі Павел Воля да атсалысқан-ды.

Болашақта отандық актер Тәуекел Мүсілімді де дәл осындай халықаралық жобалардан көруіміз әбден мүмкін.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Тәуекел, голливудтық актерлардың қайсысымен киноға түскің келеді?

- Көп қой жалпы, барлық актерлармен түсуге дайынмын. Енді ғана бастап жатқан актерлардың өздерімен түсу, менің ойымша, бұл өте үлкен дәреже.

Жылдың ең көптен күткен туындыларының біріне айналған фантастикалық лента Джеки Чанның роліндегі айдаһарлар патшасы Лун-Ванның хикаясы баяндалады. Бұл жолы аспан асты елінің ханына, қара күшпен шайқасуға тура келмек. Ал оның басты құралы – өзінің туған қызы.

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

Киномайталмандар мен сыншылар оң бағасын берген "Айдаһардың құпия мөрі" фильмі 12-ші қыркүйектен бастап, Кинопарк кинотеатрлар желісінде көрсетіле бастады. Ендеше, қапы қалмаңыздар!