Victoria Beckham London Fashion Week-тің шымылдығын түрді

Сообщить о проблеме с эфиром

Лондонда, Сыртқы істер министрлігің ауқымды ғимаратында Victoria Beckham көктем-жаз 2020 топтамасын таныстырды! Әдеттегінше, дәстүрді бұзбай отағасы Дэвид, ұлдары Бруклин, Ромео, Круз һәм кенже қызы Харперді ертіп, сән көрсетілімінің алдыңғы қатарында отырды. Анна Винтурдың жанына жайғасқан 8 жастағы Харпер кештің басты жұлдызы десек жаңылмаспыз. Сәнбикелер подиумға шыққанша кішкентай ханшайым ағаларына еркелеп, бекстейджді аралап, модельдермен танысып та үлгеріп жатты. London Fashion Week-тің шымылдығын түрген топтамада көзге оғаш көрінген дүние болмады. Сәнбикелер де, коллекция да, подиум да классикалық жанрда. Дәл осы бір ізділік пен өзіндік қолтаңбасы үшін Victoria Beckham бренді сәнқойлардың зор сұранысына ие. Тіпті, Меган Макрлдің өзі таяуда аттанар Африка сапары үшін бірнеше көйлек таңдап алған.

Victoria Beckham бұл жолы 70-ші жылдардағы сәнқой сылқымдардың образдарын қайта жаңғыртуды көздеген. Көктем-жаз топтамасы дегенімен гүлді принті де, ашық жарқын түстерді де көзіміз шалмады. Қоңыр, қара мен ақ реңктер көбірек қолданылған.