Смартфон ұстаған «Алдар көсе»! Балалар театры ертегі кейіпкерін жаңа интерпретацияда көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

75-жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театры әдеттегідей өз шымылдығын түрді! Биыл өнер ордасы үшін мерейтойлық маусым.

Олег Гостев, Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

- Біздің театр өзінің мерейтойлық маусымында ең таңдаулы, жұлдызды премьералармен қуантпақ. Мәселен, театрдың шымылдығы «Алдар-Көсе new version» қойылымымымен түрілмек.

Алдар көсе енді жаңа образда! Аты аңызға айналған кейіпкер, көк есегін шайтанарбаға, ал жыртық шапанын заманауи киімге алмастырған. Тіпті, оның қолынан ең соңғы үлгідегі смартфонды байқасаңыз еш таңқалмаңыз. Қойылым авторлары, дәл осылай Алдар көсені қазіргі уақытқа сай жаңғыртуды көздепті.

Еслям Нұртазин, қоюшы режиссер:

- Домбырасын алғаннан кейін, көк есегі жоқ болғаннан кейін, бұны қабылдайды ма, қабылдамайды ма деп. Сосын ойлана келе, ол сыртқы пішіні ғана ғой, ішкі өзінің ойы, өзінің пейілі, мақсаты өмірлік оның барлығы қалып отыр.

Сырт келбеті өзгергенмен, тапқыр әрі айлакер Алдар-Көсе бәз-баяғыдай кедейлерді қорғайды. Айтпақшы, кейіпкердің төл туындысына айналған, халық композиторы Молдабайдың әні қойылымда хип-хоп нұсқада шырқалады.

Махсат Сахиұлы, театр актеры

- Маған актер ретінде оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ, қызығушылық болды. Ең басты қызығушылық. Сол қызығушылықпен неше түрлі идеялар болды спектакльге қойылып жатқан, актерский идеялар неше түрлі.

Ал, кішкентай көрермен үшін театр есігі әрдайым ашық! Жаңа маусым премьералары бүгіннен бастап халық назарына ұсынылмақ.