Отандық режиссерлар әртістерді киноға кастингсіз қабылдайтыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тағы бір комедия «Казахпайская мечта» лентасы, бүгінде түсірілім жұмыстарын тәмамдауда. Бір айға жуық таспаланған картинаның басты кейіпкерлігіне жайдарман жұлдыздары Жахан Отарғалиев пен Ернар Сақупов таңдалған. Қос әзілкеш аталмыш туындыға кастинг өтіп әуреленбеген екен.

Ернар Сақупов, актер:

-Кастингтен қалай өттіңіз?

-Кастинге келдім осылай, Тимур қалайсың дедім, Тимурды танимын мен бұрыннан. Таныстық арқылы өтіп кеттік.

Жахан Отарғалиев, актер:

-Кастинг өткен кезде, жалпы ондай қатты қиын болған жоқ өйткені, біз продюсермен де режиссермен де бұрыннан таныспыз.

Актерлік білімі болмаса да, жігіттердің үлкен экрнаға оп-оңай шыға салуы, киноөндрістегі өзге әріптестерін таңқалдырды. Тіпті, Олжас Әлжанов басты ролге іріктеу жүріп жатқанынан әдетте бейхабар қаламыз деп мұңын шақты.

Олжас Әлжанов, актер:

-Негізі солай айтып жатады. Көп кастингтерден, шыны керек, закрытый кастинг дейді ғой. Естімей жатамыз. Ол енді не үшін екенін білмеймін.

Шәріп Серік, актер:

-Менің ойымша, по блату өткен актерлар, продюсерлік ход дейді ғой, тек қана осы көрермендер жинау, ақша жинау деп ойлаймын. По блату өткен де, ол бір кино әлеміне бір өзін көру, әйтеуір бір кіріп шығу деген сияқты ғой.

Актер Асылхан Төлепов, бұл мәселеде жас режиссерлардың тәжірбиесінің аздығы кері әсер етеді дейді.

Асылхан Төлепов, актер:

-Ол енді жас режиссерлардың қателіктері деп ойламын, біріншіден оларды сынауға да, оларға ренжуге де болмайды. Кейде оның барлығын кастингті өткізуге де бюджетте болмайтын сияқты.

Бүгінде ғаламтор жұлдыздары да фильмдердің басты кейіпкерлері. Оған жуырда жарық көретін «Байдың баласы» лентасына, желіні шулатып жүрген блогер Назар Ролланның кастингсіз-ақ таңдалғаны дәлел.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Енді аудитория подписчигіне қараған дұрыс емес деп ойлаймын. Ал дегенмен егерде де актердің, актрисаның типаж дейміз, оны қабілеті сол кейіпкерге келіп тұрса, неге жазбасқа. Немесе, сол актерға немесе актрисаға қарап шабыттанып жазылған сценарий болса, меніңше мұнда тұрған ештене жоқ.

Гүлназдың пікірінше негізгі кейіпкердің роліне тек көрерменнің өзі баға бере алады.