Лауазымды қызметке келген Мейрамбек Беспаевтың әншіліктен қол үзгені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мейрамбек Беспаев десе елең етпейтін жан кемде-кем. Өнері өз алдына, болмысы бөлек әншіні тыңдарманы қай кезде де тікесінен тік тұрып қарсы алады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осыны ескерсе керек, Мейрамбек Әбіләшімұлын өзінің мәдениет ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындаған еді.

Мейрамбек Беспаев, Алматы қ., әкімінің кеңесшісі:

- Әр нәрсе өз уақытымен ғой. Бірақ, мен ойламаймын, өмірбақи сахнада 90-ға келгенше өлең айтып тұрамын деп. Әр кезеңдер болады, эстафета. Мысалға, осындай бауырларымыз бар кезде қорықпай сахнаны беріп кете бересің.

«Уақытым келді» - деп, саясатқа бет бұрған қазақтың бозторғайы Мейрамбек Беспаевтың шенеунік атанғалы берген алғашқы сұхбаты бұл.

Мейрамбек Беспаев, Алматы қ., әкімінің кеңесшісі:

- Өзім өте қуаныштымын! Өз саласына өз адамдары барса ол құба-құп, ол түсінеді, ол жаны ашиды. Менеджерлер деген, хозяйстваның адамдары бөлек шығар. Олардың маңайға алып жасауға болады. Бірақ, дегенмен әр саланың өзінің жанашыры отырса, шынымен де алдыға қарай бір қадам басылады деп ойлаймын.

Шоу-бизнес төңірегіндегі өзекті мәселелерді бүкпей баяндап, әріптестерінің сойылын соғып жүрген Мейрамбек Беспаев өнерге өзгеріс алып келетініне сенімді. Әзірге жұмысын жас буынды демеуден бастапты.

Мейрамбек Беспаев, Алматы қ., әкімінің кеңесшісі:

- Шыныменде жас әншілерімізді қолдау керек. Әсіресе, дәстүрлі әншілерді, мына қазақи әншілерді жүрегіммен қолдаймын, шынымды айтсам. Сондықтан біздің дворецтің төңірегінде қаншама проблемалар бар, барлығын ақырындап шешіп жатқан сияқтымыз. Әйтеуір, ойымызды тыңдап жатыр, соған рахмет айтам!

Байсалды болмысынан танбайтын Мәкең саясатты да байыпты жүргізбек. Өнер саласы ақсамауы үшін шаҺар басшылығымен бірге біраз іс атқаруға ниетті. Дегенмен, «орынтақ атамнан қалған мұра емес», - дейді.

Мейрамбек Беспаев, Алматы қ., әкімінің кеңесшісі:

- Орындық, мансап қуып жүрген адам емеспін. Шыныменде көмектескім келіп осы шешімге келдім. Өздеріңізде көріп жатқан шығарсыздар. Алматыда өнердің төңірегінде өзгерістер болып жатыр. Әлі де болады, жақсы өзгерістер болады, құдай қаласа. Оны енді жастар біледі, жайлап-жайлап концерт беріп жатқан. Оны айтпай-ақ қояншы, көмектестім анау-мынау деп.