Отандық прокаттың үздік туындылары!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Джокер» отандық кинопрокатта да үздік үштік қатарында. Драма айналымдағы алғашқы аптада көш бастаған еді. Дегенмен, бұл уик-эндте ессіз Хоакин Феникс, Уилл Смитке есе жіберіп алды.

Әлемге әйгілі актер ұсынған «Гемини» лентасы, 173 млн теңгеден аса қаржымен бірінші сатыда. АҚШ пен Қытай елдері бірігіп түсірген фильм, ғылыми-фантастика бағытында таспаланған.

Уилл Смит екі бас кейіпкердің ролін сомдайтын туындыда, киллердің оқиғасы баяндалады. Актер өзінің жас көшірмесімен ашық айқасқа түспек. Бұрынғы басшылығы оның көзін жою үшін, ұқсас кибер-жігітті жасап шығарған.

Қоржынын 108 млн теңгемен толықтырған «Джокер» екінші сатыда. Режиссер Тодд Филлипстің психологиялық триллері, «DС Comic»-тің кейіпкеріне арналған алғашқы толықметрлі картина саналады.

Брэдли Купер продюсерлігін қолға алған лентаның сюжеті, «Бэтменнің» оқиғасы орын алған «Готэм-Ситида» өрбиді. Онда, Артур Флек есімді комиктің айналасындағы жандарға деген реніші мен зұлымдығы көрсетілген.

Үздік үштікті 72 млн теңге пайдамен «Эверест» мультфильмі түйіндейді. Шытырманға толы анимация, Нью-Йорк қаласында нағыз Йетиді кездестіретін Лу есімді кішкентай қыз жайында. Байқаусызда мегаполиске тап болған жануарды, енді Лу туған жеріне қайтаруға тырысады.