Жаңа бейнебаяндар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кэти Перри өткенге саяхат жасады! Америкалық танымал әнші «Harleys In Hawaii» трегіне ретро стильде бейнебаян түсірген. Продюсер Чарли Путпен бірігіп таспалаған туындыда, Кэтидің Гаваи аралдарына саяхаты бейнеледі.

Биби Рекса болса, кезекті клипін «Малефисента: Түнек әміршісі» фильміне арнады. Өнерпаз өз реперуарындағы «You Can't Stop The Girl» трегін Анджелина Джоли басты ролді сомдайтын фэнтезидің саудтрегі ретінде ұсынды.

Корейлік «Monsta X» тобы әлемді бағындыруға кірісті. Жеті жігіттен құралған бойзбенд ағылшын тілінде «Someone's Someone» әнін жарыққа шығарды. K-pop өкілдеріне аталмыш композицияны жазуда «Before You Exit» рок ұжымы атсалысқан.

Ал, «Monsta X» тың жаңа әнінің бейнебаянына Кука Харрелла проюсерлік еткен. Америкалық киногер Рианнаның бірнеше жобасының жетекшісі ретінде танымал.