Ютубер атанған Жұлдыз Әбдукәрімованың жобаларын кім қаржыландырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың асыл жары, аяулы ана, актриса – Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы кездері ютуб желісіндегі жобаларымен көзге түсуде. Өнер иесі бала тақырыбында бағдарлама таспалап, өзін жаңа қырынан танытуда.

Жұлдыз Әбдукәрімова, актриса, тележүргізуші

- Телеарналарда да, ютубта шыққан каналдарда да бағдарламалар өте көп, бірақ мына менің шығарып жатқан бала мен ананың қарым қатынасындай дүниелер болмағандықтан осы ой маған келді. Бірі ойлар- атақ қуған деп, бірі ойлар- табыстың көзі деп. Жоқ, ол ешқандай табыс көзі де емес, атақты шығару да емес.

Бар болғаны, халыққа пайдалы дүние жасасам екен дейді Жұлдыз. Сондықтан, Әбдукәрімова өзін ютуб арқылы ақша табатындар қатарына қоспайды.

Жұлдыз Әбдукәрімова, актриса, тележүргізуші

- Ешқандай шоу емес, басқа бағдарламалар сияқты. Ешқандай бір, қалай айтсам екен, сатып алынған дей ма, иә? Рейтинг қуған деп айтып жатады ғой. Ондай емес бұл бағдарлама. Жалпы, бір түйін алатындай бағдарлама.

Ал, сапалы дүние әзірлеу үшін қомақты қаражат қажет екені жасырын емес. Бұл орайда Жұлдыздың басты демеушісі - Қайраттың өзі.

Жұлдыз Әбдукәрімова, актриса, тележүргізуші

- Қаражат, әрине. Қаражат та өте маңызды. Аллаға шүкір, өзімнің жолдасым үлесін қосып жатыр бір жағынан. Қайраттың үлес қосуы бұл. Ата-енемнің қолдауы зор бұл жерде.

Жұлдыздың игі бастамасына түсіністік танытқан ет жақындары, балаларының видеоларында төбе көрсеткіне де қарсы болмапты. Жанұясының қолдауынан қанаттанған Әбдікәрімова, енді халықты тағы тың жобалармен қуантпақ.