Келесі кім? Желіде өнер өкілдеріне өлім тілеп, суицидке дейін жеткізетін хейтерлер тобы пайда болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазанның басында Солли туралы суық хабар күллі k-pop-ерлерді есеңгіреткенді! F(x) гелзбендінің экс-мүшесі пәтерінде өлі күйі табылған болатын. Арудың өзіне қол жұмсауына себеп – безбүйрек хейтерлердің желідегі шабуылы. Даудың басы – әншінің ішкиімсіз инстаграмда тікелей эфирге шығуынан басталған.

Алайда, бұл жағдай жағымсыз жазба қалдырушыларға тоқтау сала алмаса керек! Олар қайғылы оқиғадан соң, желіде «Келесі кім?» деп пост қалдырып, бақилық болуы керек k-pop өкілдерінің тізімін ұсынды. Хейтерлердің нысанасына Blackpink-тық Дженни түсті. Ғаламторда #Jennieisnext хештегімен, аруға өлім тілеген комментарийлерден көз сүрінеді.

BTS-тық жігіттер де бұл қара тізімді айналып өте алмапты! Желідегі аяусыз көптің пікірінше, бангтандықтар арасынан Юнги өз өмірін суицидпен аяқтауы тиіс. Хейтерлер жағымсыз жазбаны қарша боратып, #yoonginext деген хэштег арнағанды.

Ал, кей-поп ұжымдардың жанкүйерлері болса, қиын-қыстау күндерде айдолдарына барынша қолдау көрсетуге тырысып бағуда!