Айнұр Ілиясова “Бөпе” форумға келмегендерге неге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv

-Актриса Айнұр Ілиясованың ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет ата-аналарға арналған «Бөпе» форумы өтуде! Мұнда психологтардан бастап, әр сала мамандары отбасы мәселесін талқылап, қызу пікір-таласқа түсуде. Тіпті, спикерлер арасында әнші, үш баланың әкесі Беркут те бар!

Шоу бизнестен өзге, мемлекеттік ұйымдар өкілі, психолог, тіпті Қайрат Құдайберген бастаған бизнесмендер бас қосқан «Бөпе» форумы аясында спикерлер «отбасы» тақырынбында маңызды ақпаратпен бөлісуге барынша тырысты. Ал, игі шараның ұйытқысы атанған Айнұр Ілиясованың көңілі жабырқаулы.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Айнұр, форум қалай өтуде? Көңіл-күйіңіз қалай? Барлығы ойдағыдай ма?

- Бәрі тамаша, керемет, бәрі жақсы. Бірақ өкінішке орай, өкінішке орай бір айтарлық дүние бар. Бірақ зал лық тола емес. Адамдарға жалпы, біздің халыққа отбасы институты онша қызық емес. Онша қызықтырмайды. Егер бұл жерде әртістер болса, шоу-бизнес болса, өсек-аяң, ойбай біреу айырылысты, бүйтті-сүйтті – ол қызық.

– Енді көріп отырмыз, спикерлер арасында шығармашлықта жүрген адамдар да бар. Айтыңызшы осы, шығармашылықта жүрген адамдар өнер мен бала тәрбиесін теңдей қалай ұстауға болады?

- Енді, мен көп жұмыс істеймін. Бірақ менің лайфхақтарым бар, уақытым жоқ болса да 20 минут болса да баламен ойнаймын.

Актриса сынды, әнші Бүркіт те келген қонақтарға өзінің лайфхактарымен бөліскен еді. Тіпті, іске білек сыбана кіріскен өнерпаз, сахнаның қақ ортасына тұрып, сөз сөйледі.

Бүркіт, әнші:

– Беркут, енді форумда әкелердің атынан сөз сөйледіңіз. Қалай өтті? Алдын-ала дайындалдыңыз ба?

- Алдын-ала дайындалғаным жоқ. Былай ойымда бәрін сақтап қойдым айтатын нәрселерімді. Енді, ой көп қой. Әке-шешенің бізге берген тәрбиесі туралы айтып бердім. Енді ол кезде Кеңес дәуірінің кезі ғой. Совет үкіметінің кезі. Ол кезде өмір басқаша, қазір басқаша. Әр тәрбие уақытқа сай келуі керек.

- Сіз өнер саласында жүрген адамсыз. Шығармашылық пен бала тәрбиесін теңдей қалай ұстауға болады?

- Енді уақыт табамыз ғой, енді ниетіңіз болса, уақыт әрқашан табылады балаларға.

Бөпе форумына ресейлік мамандар да арнайы шақыртылған болатын. Мәселен, соның бірі – психолог Виктория Шиманская Бүркіт сынды шығармашылықта жүрген ата-аналарға өз ақылын айтты.

Виктория Шиманская, психолог (Ресей):

- Әрбір ата-ана, қай салады қызмет етпесін тепе-теңдікті ұстай білуі тиіс. Бұл дегеніміз, әр адам жеке өмірі, сәбиіне уақыт бөлу, жұмысы, шығармашлығы барлығына тең дәрежеде көңіл бөліп, уақыт таба білуі керек.

Алайда, бұл кеңеспен жас әке Арман Юсупов келіскіспейді.

Арман Юсупов, блогер:

-Жуырда ғана бір мақала оқыдым. АҚШ-тық ғалымдардың пікірінше, жұмыс және жеке өмір деп бөлудің қажеті жоқ. Оның орнына, ғалымдар осы ұғымдарды бірге қарастыруды ұсынады. Яғни, барлығын қатар алып жүру керек. Жұмыс істеп жүріп, балаңа қарап немесе керісінше. Мен де осы ұстанымды жөн көремін.

Осылайша өз ойын білдірген Арман форумға қатысқанымен, үлкендерге ақыл айтудан аулақ. «Бар болғаны, жастай әке атану, көпшілік ойлағандай қиын еместігін дәлелдемекпін» дейді ол.

Ал, «Бөпе» форум бұдан-былай жыл сайын ұйымдастырылмақ. Актриса, Айнұр Ілиясова аталмыш шара арқылы отбасыға қатысты өзекті мәселелерді шешуге шақырады.