Селена Гомес Джастин Биберге ән арнады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен аптада ғана экс-ғашығы Джастин Биберға ән арнаған Селена, соңғы сұқбатында оны шын сағынып әрі жалғызсырап жүргенін жеткізген. Одан бөлек әнші махаббатын жолықтыруға асық та, ынтық екенін айтқан. Голливудтық жұлдызды сырты жылтырақ, іші қалтырақ адамдар қатты шаршатса керек, сұқбатында шынайылық жайлы жиі сөз қозғапты.

Бәріміз Хоакин Феникстың айтулы актер екенін білеміз. Бірақ оның жануарлардың құқығын қорғау ұйымының белсенді мүшесі және ет, құс өнімдерінен бас тарқан веган екенін бірі білсе, бірі бейхабар. Хоакин бала кезінде әкесінің балықты қалай аулағанын көріп қатты әсерленген. Сосын өзіне «Енді ет жемеймін» деп сөз беріпті. Бүгінде актер жануарлар мәселесін әлемдік деңгейде көтеріп жүр.

Ақ үйде ақ түйенің қарны жарылды. Дональд Трамп пен жары Мелания Трамп «Хеллоуин» мерекесін тойлауды бастап кеткен. Олар президенттік резиденцияны қою қызылды-жасылды баулармен безендіріп, асқабақтармен түрлендірген. Десе де, мейрам тойлаған екеу, карнавалдық костюм кимепті. Бірақ «Кәмпит пе, өмір ме?» деп себеттерін тосқан балақайлардың беттерін қайтармаған.