«Қазнетті» таңдай қақтырған «А.К.А кемпір» жайлы не білеміз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаймын деп бала күнгі басты арманы ән айтудан қол үзіп қалған бүгінгі кейіпкеріміз – А.К.А кемпір. Шын есімін айтқысы жоқ. Себебі, жаңа шыққан лақап атымен ел жадында жатталып қалғысы келеді.

А.К.А кемпір, DJ:

-Бір құрдастарым да бар еді. «Ей кемпір қайда барасың» - деп. Я хочу доказать, я кемпір, я все могу! Почему барлық кемпір отыр, шықсын! Мен үлгі болғым келеді соларға. И қашанғы біз вечный огоньның қасында тұрамыз.

Жексенбілік демалыста қазнетті шулатып, Арбатта жиналған жастарды заманауи әндерге билеткен де осы апа.

А.К.А кемпір, DJ:

-Кеше Арбатқа бардық қой. Бұрын өзімізде былай тұрдық қой, өлең айтқанда. Сол жерге сұранғаным сол болды, арбатқа барайықшы, ән салайықшы деп, көрсеткім келеді ғой. Кешегі жиналған бала-шағаны көріп, өзім сондай жақсы болып қалдым. Жақсы көрем.

Кейуананың музыкалық талғамы көпшілікті тәнті еткені сонша екі күннің ішінде инсатаграм парақшасында 203 мың фолловер жинапты. Бір өкініштісі, «DJ әженің» туған балалары аналарының бұл образын да, шығармашылығын да құптамаған.

А.К.А кемпір, DJ:

-Бұрыңғы орындалмаған арманымды орындайыншы деп балаларыма айтып жүрген едім. Менің үйде өлең айтып жүретінімді бәрі біледі. Кей балаларым қарсы болды, органда істейді. Мама қой деді, мен қоймадым.

Дегенмен, алпысты алқымдаған кейуана зейнетке шыққалы бері өз уақытын өзіне арнап, немерелерінен қолдау тапқан. Арбаттағы алғашқы кешінің нәтижесі де жаман емес. Сұраныс артқан. Тіпті, алғашқы ұсыныс түсіп, алдағы жұма түңгі клубта ди-джейлік қызметінен алғашқы қаражатын тапқалы отыр!

А.К.А кемпір, DJ:

Я хочу доказать, я кемпір, я все могу!