«Billboard» басылымы тыңдауға тұрарлық туындылардың тізімін ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл апта, музыкалы чарттың «ең сатылымы жоғары жинақ» аталымы YoungBoy Never Broke Again-ге тиесілі!

20 жастағы жас хип-хоп орындаушының «AI YoungBoy 2» альбомы көпке ұнап жатса керек. Еске салсақ, рэпер бұған дейін өзінің сегіз үнтаспасын ғаламаторға жүктеп, тыңдарманның қошаметіне ие болған еді.

Post Malone болса, оңай шағылатын жаңғақ емес! Музыкант бірнеше апта қатарынан мықтылар арасында! «Hollywood's Bleeding»-ның түрлі чарттардан түспеуіне қарағанда, үнтаспаны сәтті деп атауымызға толықтай негіз бар. Бұл альбом – хип-хоп орындаушының үшінші студиялық жинағы саналады.

Отыз беске келген Wale де жастарға дес бермек емес! Америкалық рэпердің алтыншы «Wow ... That's Crazу» альбомы да «Billboard» тізімінде!