Әншілерге сахнаға шығу үшін лицензия берілетіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұған Дильназ Ахмадиева не дейді?

Өзбекстан республикасындағы әншілерді лицензиясынан айыруға қатысты дау, біздің де эстрада өкілдерін бей-жәй қалдырмады.

Ала шапанды ағайындар, әртістер ерсі қылық көрсетсе, өмір бақи ән айту құқығынан айрылады екен. Ал, әзілкешті «желіге желікпе видео жүктедің» деп сахнаға шығуына шектеу қою қиын емес. Байқаусызда тойда ән айтып қойсаңыз да айыптысыз. Дильназ Ахмадиеваны таңғалдырған да осы.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

– а Тогда қайда жүру керек вообще? Сонда әншілер не істеу керек, әндерін қайда айтады? Ваннада ма? Бұл деген сұмдық қой! Біріншіден шығармашылықтың адамдарын шектей беруді тоқтату керек. Бізде бір кездері «тек жанды дауыста ән айтатын заң шығарып, бәрін тазартамыз» деген еді. Тазартсын! Онда 6-ақ әнші қалады. Қайта бізге жақсы!

Ал, Роза Қуанышқызының пікірінше, әртіс қашанда өз атына сай жүруі тиіс. «Біз бүгінгі тәрбие құралына айналған адамдармыз ғой» деген халық әртісі әншілерді өнерде де, өмірде де өнегелі жүруге шақырады.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

– Тәрбиені, мәдениетті көрсету керек. Біз халықты тәрбиелейтін адамбыз ғой.

Ал, Әділжан Умаров қатаң талаптарды әлдеқашан тізіп қойған екен. Әріптестерінің түгелдей жанды дауыста ән айтқанын қалайтын ол, өнер адамдарына білімдерін, мәдениеті мен ізденімпаздығын арттыру керек дейді. Өйткені, қазір сахнаның киесін түсінбейтіндер мен «дайын асқа тік қасық» болатын ұрылардың көбейгенін айтады.

Әділжан Умаров, әнші:

- Меніңше, лицензия деген нәрсе керек. Лицензия пайда болса, бізде сапа пайда болады. Орысша айтқанда «Кто захотел, тот спел» жоқ.

Бірі бәрін бақылауда ұстау үшін лицензия керек десе, бірі қазақ шоу-бизнесінің әлі оған дайын емес екенін айтады.