Дастан Оразбеков мачо атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дастан Оразбеков - мачо! Сері тіпті үйленуге «жақсы қыз» іздеп жүр! Өмірде емес, түсірілім жұмыстары енді басталған «Почти Мачо» романтикалық комедиясында. Кино әлемінен жырақтап қалған өнер иесі, басты рөлге бекітілгеніне әлі де сене алар емес. Бірақ Оразбеков өзін «мачо» сезінбейтін көрінеді.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының әншісі, актер:

- Осы картинаға түсіп жатқаныма өте қуаныштымын. Өйткені бірден басты рөлге ұсынғанына мен өзім де таңырқап тұрмын. Мачо деген енді көрікті азамат, жаңағы өзіне өзі қарататын азаматтардың бірі ғой.

Оразбеков сценарийді оқыған бойда ойына режиссер Энди Теннанттың «Правила сьема: Метод Хитча» комедиясы келгенін айтады.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының әншісі, актер:

-Енді мачо деген уақытта, «Метод хитча» деген фильмді көрдіңіздер ма, сол секілді бұл жерде де бір ұстазы болады. Ойнап жатқан азаматтың жасы да менің жасымнан шамалы-ақ кіші.

Сюжет желісі бойынша Оразбеков өзіне жар таппай, әбден қажыған сүрбойдақ. Ал Дастанның өзіне сенімді, нағыз «мачо» атанып, қыз-қырқынның жүрегін жаулап, мың сұлудың ішінен бір аруды жар етіп таңдауына Әбунасыр Серіков көмектеспек. Алайда Әбеке қызметін Уилл Смиттың кейіпкері секілді қомақты соммаға емес, тегін атқарады.

Абунасыр Серіков, актер:

-Ата-ананың бәрі жақсыға тегі бар жерден, адал болсын деп алладан тілейді ғой. Келіндерінің жақсы болғаны, күйеубалдарының жақсы болғаны кеңесті бересің, айту керек бәріміз. Ақылымызды айту керекпіз.

Бұлардан бөлек, басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева мен Индира Еділбаева сомдайды.

Сюжет желісі голливудтық комедияға ұқсаса да, жас режиссер тырнақалды туындысының сәтті шығатынына сенімді. Тіпті Бақытжан Жиеналы өз саласының жілігін шағып, майын ішкен Н.Қоянбаев, А.Бисембин, Н.Адамбаевтар сынды киногерлермен бәсекелесуге де дайын.

Бақытжан Жиеналы, режиссер:

- Иә, білеміз. Көптеген кинолар күтілуде. Ол қазақстандық көрермендер үшін өте жақсы жаңалық. егер мына карантин бұйырса, ашылып жатса тамаша емес па, бірнеше кино бірден шығып жатса.

Комедиялық лента 2021 жылдың көктем айларында көрерменге жол тартпақ.