Ашуыма тиме! Шоу-бизнестегі кейбір серілер неліктен төбелес құмар?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнес әлемінде ашуға тез берілетін жұлдыздар көп. Кейбірінің ісі әшкере болып, көпшіліктің талқысына түсіп жатады.

Көбі хитмейкер Әмірені қой аузынан шөп алмас жуас деп ойлайды екен. Бірақ әнші тік мінезінен талай таяқ жеген.

Әміре, әнші:

Менің мұрным екі рет сынған. Мұрным қисық. Басым жарылған.

Бірақ әнші Әміре ер азамат екенін көрсетіп, еш жерге арызданбаған.

Әміре, әнші:

– Мен ержігітпін ғой. Болды! Онда тұрған ештеңе жоқ.

Пранкер Алмас Есенхан да ашуға берілгіш, қызуқанды болған. Бірақ ызасын бірден басып, сабасына тез түседі екен.

Алмас Есенхан, пранкер:

– Мен енді мектеп кезінде сәл кішкене бұзықтау болдым, сол бұзықтығыма қарамастан мен еще әнші болғам.

Қалың көрермен Чингиз Капинді де сабырлы әрі әдепті әртістер қатарына жатқызады. Алайда, басына іс түсіп, ашуға бой алдырса актер ешкімді де аямақ емес.

Чингиз Капин, актер:

– Бір ақымақ көлігін тура шлагбаумның алдына қойып кетіпті. Көлігіңді алып тасташы, деген өтінішіме: Ее, бауырым, дұрыстап сөйле, - деп зіркілдеді. Қасымда отырған қыз болмаса, аямайтын едім.

Сондай-ақ, басы үнемі дауға қалып, шудың ортасында жүретін жұлдыздар арасында Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Серік Ибрагимовтер де бар.