Ең табысты фильмдер тізімі!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Шан-Чи»! Дәл осы азиаттық қаһарман «Марвел»-дың жаңа батыры. АҚШ пен Австралия бірігіп таспалаған «Шан-Чи және 10 сақина аңызы» фэнтезиі айналымдағы алғашқы аптада 64 млн. теңгеге жуық кіріс көрді. Ал кассалық жиынның көшін бастаған туынды әлем бойынша 257 млн доллар пайда тапқан.

Үлкен экрандарға жаңа бөлімімен қайта оралған «Босс-молокосос-2» анимациясы сұранысқа ие болып, екінші сатыға жайғасты. Соңғы аптада 13 млн-нан аса кіріс көрген мультфильм араға 4 жыл салып көрермен назарына ұсынылып отыр. Лентаның бұл бөлімінде тыңшы сәбилерді тәрбиелейтін «BabyCorp»-қа бас кейіпкер Тимның қызы тап болмақ!

Қызықты образдарымен әрдайым көпшілікті таңқалдырудан жалықпайтын Райан Рейнольдс үздік үштікті түйіндейді! Актердың «Бас кейіпкер» фильмі 12 млн пайда көрді. Атыс-шабысқа толы лентада фантастика, комедия және фэнтези жанрлары тоғысқан.