«Эмми» марапатының үздіктері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осымен 73-ші рет ұйымдастырылып отырған марапат әдеттегідей, қызыл кілем қызықтарынан басталды! Алайда, биыл бұл салтанатқа тек екпе салдырып, жуырда коронавируспен ауырмағандығы туралы анықтама ала келгендер кіргізілген. Одан бөлек, әр аталым бойынша тек 4 номинант шақырту алған. Ал шараға қатыса алмағандарға үйде отырып онлайн көрсетілімді місе тұтуға тура келді.

Алайда, карантиннің қатаң талабы кештің көңіл-күйін бұза алмағандай! Айтулы шара дүниеден өткен киногерлерді еске алу сәтінен басталды.

Мәртебелі марапатта «Тәж» тарихи туындысы үздік драмалық телехикая ретінде фаворит атанса, «Тед Лассо» комедиялық ленталар арасындағы ең мықты деп танылды.

Билл Лоуренс, идея авторы:

- Керемет командам туралы айта кетпеске болмас! Өзге де атворлар, сценаристер және актерлар, қысқасы үлкен командама алғыс. Осындай үлкен еңбектің бір бөлшегі болу мен үшін бақыт!

Сондай-ақ, аталмыш лентадағы шеберлігі үшін Джейсон Судейкис пен Ханна Ваддингем актерлік шеберлігі арқылы «комедия жанрындағы үздік» аталымын еншіледі.

Мини-телехикаялар арасында марапатқа ие болу мәртебесі «Патшайым жүрісі» картинасына бұйырды.

Ал Юэн Макгрэгор мини-телехикаяның «үздік актеры атанса», әйелдер арасындағы аталмыш марапат Кейт Уинслетке табысталды.

Бұл марапат Кейт Уинслетті естен тандыра жаздағандай! Актриса шынайы эмоциясымен кеш қонақтарын қорқытып алғандай.

Десе, де бұл кештен бәрі Кейт сияқты көңілді қайтты дей алмаспыз! 73-ші «Эмми» марапатын нәсілшілігі үшін айыптағандар да табылды. Үміткерлердің 44-пайызы қара нәіслділер болса да, оның ешбірі лауреаттар тізімінен табылмаған. Тіпті, соған сай твиттерде #EmmysSoWhite компаниясы басталып кеткен көрінеді.