Нұрлан Қоянбаев түрік киногері Кадир Догулуға фильм таспалап берді! Бұл жобаны қазақстандық көрермен тамашалай ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бизнес Түркияда» қашан жарық көреді? Дәл осы сұрақ Нұрлан Қоянбаевқа соңғы 2 жылда жиі қойылады. Алғашында көрермен тағатын тауысқан комедияны жарыққа шығару үшін продюсер: «Кинотеатрлардың 100 пайыз ашылуын күтемін», - деген еді. Енді, Қоянбаев 30 пайыз болса да, картинасын жаңа жыл қарсаңында ұсынуға әзір.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Желтоқсан айында бұйырса. «Бизнес по-казахски Түркияда» және «I go to school» киноларымыз жарыққа шығады деп айтуға болатын шығар. Бұйырса қазақ тілінде түсірілді. Бесінші бөлім өзі ерекше өйткені, 100 пайыз қазақ тіліне ауыстық. Сондай керемет жаңалығымыз бар.

Туынды толықтай қазақ тілінде болған соң, Нұрлан сиквелдің атауын «Қазақ бизнесі енді Түркияда» деп өзгерткісі келетінін айтып, инстаграм парақшасында оқырмандарының ойын сұраған да еді.

Қоянбаевтың түрік еліне арнайы таспалаған «Митат» атты лентасы да отандық прокатқа шықпақ! Картинаның тұсаукесері қараша айына жоспарланып отыр. Аталмыш комедияны Нұрлан осыдан бір жыл бұрын түрік киногері Кадир Догулу тапсырысымен таспаланған еді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Өзім барған жерде жұмыс істеймін, олар енді көреді ғой енді кім қалай жұмыс істейді. Жұмыс істеп болғаннан кейін біз енді әңгімелесеміз жоспарлармен бөлісеміз сол кезде жақсы-жақсы ұсыныстар жасайды.

Айтпақшы, Қоянбаевтың қолынан шыққан туындыны түріктер ғана емес, корей халқы да тамашалай алмақ! Нұрлан жуырда ғана Оңтүстік Кореялық киногерлермен келісімге отырып, тарихи лента таспалауға кіріспек.

Продюсерліктен бөлек, тек өз жобаларында актер ретінде төбе көрсетіп жүрген Нұрлан, өзге режиссерлардан да шақырту күтіп жүрген көрінеді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Осы жалпы өмірде «Нұрлан кинома түсіп берші, осындай киноға түсесіз ба?» деген ұсыныстар көп түспейді. Сондықтан да мен өзім күтіп отырамын. Біреу звондай ма звондамайма, звондамағаннан кейін өзім түсіремін десең да...