Jah Khalib «Какая ты красивая» трегімен танылған Аханың продюсері атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Какая ты красивая» әні жарты жыл бойы «iTunes.kz» музыкалық чартынан түспеген еді! ТМД-ға танылған тректің танылуы да ерекше. AKHA туындыны сүйіктісінің туған күніне арнап жазып, композицияны тик-токқа жүктей салған.

AKHA, музыкант:

- Менің алғашқы мақсатым әшейін туған күнге ғой деп ойладым да өзім, махаббатыма берем деп. Бір тик-ток түсіріп салып көрейінші дедім сол жазған күні. Әшейін жәй ғана сала салдым қазірге 1 млн-нан астам просмотр болған.

Аталмыш әуен тик-токта ғана емес, ютуб желісінде де бірден 6 млн-нан астам қаралым жинады.

Осылайша 28 жастағы өнерпазды Jah Khalib байқап қалады. Кейіннен Бахтияр Мамедов Акханың продюсері болуына өзі ұсыныс тастаған екен.

AKHA, музыкант:

- Ол кісі менің продюсерім, ол менің тікелей бастығым деп айтсақ та болады. «Boss» деп айтамыз ғой. Ол кісі мені білмеймін қалай көргенін енді естіді бірдеңе ғып жетті ғой, өзімнің жақсы көретін әуенім бар еді «Любовь» деген сол әуенмен Киевқа соған бардым и ол тыңдады. Сомен басталды ғой тірлігіміз.

Бүгінде Jah Khalib-пен тікелей жұмыс істейтін Акха 9 жыл бойы оның фанаты болған. Енді Ахмет Бақтиярдың өтінішімен өнерін шыңдау үшін Ресейге уақытша көшпек.

AKHA, музыкант:

- Маған мысалы Бахтияр Jah Khalib әрдайым айтатыны ақыл айтады да осылай жаса осылай жаса деп. Мен қазір түсінемін да егер де продюсер мені дұрыстап тураламаса мен мүмкін творчествалық ақаулыққы кетіп қалуым мүмкін.