Тиктокерлер танымал болудың жолын айтып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ауылда жүріп-ақ жұлдыз болған Авди Сенпай тиктокта танымал болу үшін өмірдегі кез-келген сәтті түсіре беруге кеңес береді. «Аталмыш платформаның пайдалана білсе мүмкіндігі өте көп», - дейді.

Авди Сенпай, тиктокер:

- Тиктоктың өз аудиториясы, шоу-бизнестің өз аудиториясы басқа екеуін қарасақ. Тиктокта көбінесе сразу ол видео салсаң сразу миллионға кетіп қалуы мүмкін, екі миллионға, так что аудиторияға шек жоқ тиктокта.

Нұрдәулет Бектұрсынның тиктокта 800 мыңға жуық фолловері бар. Оның кез-келген клипінің қаралым саны 100 мыңнан асады. ННН аталмыш платформада ректен түспеу үшін күніне бір емес, бірнеше видео жүктеуге кеңес береді.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Неге актуальный тикток қазір рекомендует бәрін бұрынғы инстаграм сияқты. Қазір тиктокта шанс бар. Просто түсіру керек, түсіру керек болды. Как инстаграм сияқты.

Ал желіде Тико нигімен танымал Самат Қазмағамбет: «Тиктокта миллион қаралым жинаудың формуласы жоқ», - дейді. Айтуынша, кез-келген адам әп-сәтте танымал болып кетуі мүмкін.

Tiko.xo, тиктокер:

- Оны ешкім білмейді, аяқ астынан келетін нәрсе да, андай мынаны түсірем қазір тренд болады деген нәрсе жоқ та. Түсініксіз алгоритмі бар, халықтың өзінің восприятиесі бар, қалай болады оны түсіріп жатқан адам қалай береді. Қандай позитивпен береді деген сияқты.

Тиконың бұл сөзіне дәлел – Гаухар Әлімбекованың «Ақ келіні». Осыдан 20 жыл бұрын шыққан ән бүгінде тиктокта ректа жүр.