Қазақстандық жұлдыздар, неге жаппай шетелге көшіп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шет елде бақ сынап көруді көздеп жүрген жұлдыздардың бірі – Салтанат Құдайберген. «Адам бір орында тұрып қалмау керек», - деген ол шығармашылығын өзге ел арқылы жаңа деңгейге көтергісі келеді екен.

Салтанат Құдайбергенова, әнші, актриса:

- Әрине шетел жақсы. Демалған жақсы, жұмыс істеген жақсы, пікір алмасқан жақсы. Ол жақта барып жұмыс істеп, сотрудничать етіп білім алып келген өте керемет.

Ал Ерлан Байбазаров болса, басқа мемлекетке түбегейлі көшіп кетіп жатқан әріптестерін түсінбейтінін айтады. «Тұрақтылық көштің алдына шығарады»,-дейді Ерлан.

Ерлан Байбазаров, әнші:

- Көшуге жалпы қарсымын. Бірақ барып тәжірибе алуға, неге көрмеске. Уақытша болса барамын, міндетті түрде. Өйткені өзім сондайды ұнатамын. Бірақ мен тұрақтылықты жақсы көремін. Бір жерде тұрамын ба, сол жерде тұрғым келеді. Ешқайда көшу деген нәрселерді онша ұната бермеймін.

Нұрлан Қоянбаев Түркияға көшіп кетіпті! Дәл осындай қауесет көктем айларында тарап кеткен еді. Бірақ кейін белгілі болғандай, продюсер бар болғаны пәтер жалдап, фильмдерін түсірген екен.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Мен өзім ондай дым жоқ көшуге. Бір осы Түркияда жалдап тұрғанбыз бір үйді. Сосын сол жалдап тұрған үйге кімдерді қонаққа шықарғанбыз Несилхан мен Кадырды. Сөйтіп барлық жерге шығып кетіпті. Мен ешқандайда көшу ойым жоқ. Бірақ жұмыс бабымен 8 ай болсын, 2 жылға болсын 1 жылға болсын өзім құқығым бар шығар деп ойлаймын.

Ал түбегейлі шет елде тұрақтап қалған қазақстандық әртістердің тіқатарында: әнші Назима, продюсер Алуа Қонарова, музыкант Ерлан Көкеев сынды танымалдар бар.