Мадонна «madame x» фильмінің тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Деректі фильмінің тұсаукесерінде сөзсіз Мадонна басты жұлдызға айналды! Поп-патшайым оғаштау образымен көптің назарын аударта алғандай. Алпысты алқымдаған әртіс шараға төсі ашық қара корсет пен қысқа ақ түсті белдемшеге таңдау түсірген! Ал оның басындағы тәжі бөлек бір өнер туындысы ма дерсіз!

«Madame X» Мадоннаның АҚШ пен Еуропаның бірқатар қаласындағы концерттік турнесінен бүкпесіз сыр шертетін деректі картина. Онда, әнсапар барысында көрсетіле бермейтін эксклюзивті кадрлар назарға ұсынылмақ.

Еске салсақ, бұл Мадоннаның дәл осы бағыттағы үшін картинасы. Лентаның тұсауы 8 қазан Paramount+ стиримингтік сервисінде кесілмек. Фильмде Мадоннадан бөлек, 48-ге жуық орындаушыны көруге болады.