Шоу-бизнесте «baby boom»!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші, режиссер, клипмейкер Жеңісхан Момышев жақында тағы бір бүлдіршіннің әкесі атанбақ! Еске салсақ, өнер иесінің жары жұлдызды хэйр-стилист Балнұр Қуантай. Бүгінде екеуі Зере мен Хамза атты бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Жұлдызды жанұя жағымды жаңалығын жақындарына жариялап, гендер-пати өткізді. Қуанышты кешке Мақпал Исабекова сынды танымалдар қатысып, отбасының қуанышымен бөлісті.

Актриса Гүлнара Сильбаева болса, жақында ана атанбақ! Көпшілік өнерпаздың жүкті екендігін инстаграмға салған постынан кейін білді. Тіпті, ол аяғы ауыр болса да Ресейге барып, өнер көрсетіп келген еді. Актриса бір жыл бұрын тамыз айында тұрмыс құрған болатын.

Ал Әнші Салтанат Бақаева төртінші сәбиін күтіп жүр! Қыркүйектің алғашқы күндері өнерпаз гендер пати өткізді. Бұл ерек мерекеде баланың жынысы ұл екендігі анықталды.

Сондай-ақ, сәби күтіп жүргендер қатарында Баян Есентаеваның тұңғышы Айсәулен Бақытбек, Айнұр Ілиясова да бар.