Асылхан Төлепов қызды болуды қалап жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Әлжановтың Әлинұр есімді ұлы бар. «Жақында тұңғышым 1 жасқа толады. Артынан іні-қарындастары еретін уақыт та алыс емес. Бәрі Алланың қалауымен», - дейді актер.

Олжас Әлжан, актер:

– Біріншім ұл болды. Екіншісі кім болатынын білмедім. Бергенін ала береміз ғой. Ұл болса ұл, қыз болса қыз. Бәріне қуанамыз.

Әріптесінің пікіріне екі ұлдың әкесі, актер Асылхан Төлепов та қосылатынын айтады. «Бастысы адам болсын. Ғұмырымен берсін», - дейді ол.

Асылхан Төлепов, актер:

– Жақсы ғой енді. Бала-шаға көп болса әрине жақсы. Ең бастысы дендері сау, аман болса екен деген тілек. Құдайдың бұйырғаны болады. Бірақ шыны керек жоспарламаппыз.

Жақында үшінші баласы дүниеге келетін Жеңісхан Момышев, тағы 1-2 жылдықта көпбалалы әке статусына жетіп қалатынын айтады. «Бірақ режиссер оларға сапалы білім, жеткілікті тәрбие беріп, қажеттіліктерін де өтей алу керек екенін алға тартады.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Енді Алла қаласа, баланың артығы жоқ қой. Көп болғаны да жақсы. Енді шамаңа қарай ғой. Егер баға алатын болсаң, асырай алатын болсаң баланың артығы жоқ.

Шоу-бизнесте көпбалалы жұлдызды жанұялардан Қыдырәлі мен Қарақат, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова, Динара Сұлтан бар.