«Youngsters» тобына 4 жыл!

Сообщить о проблеме с эфиром

4 өнерпаздан тұратын «Youngsters» тобының солистері Дамиль мен Алан 9, Аиша мен Ару 8 сыныпта оқиды. Ал концертке тыңғылықты дайындалу үшін мектептегі сабақ кестесін ыңғайлап қойып, бәріне үлгеруге тырысқан екен. Болашақта жасөспірімдер оқуын аяқтаған соң, өнер академиясына түсуге ниет білдіріп отыр.

«Youngsters» тобы:

– Компаниядағы ұжым біздің сабағымыздан қалғанын қаламайды. Яғни біз білім алуға бірінші міндеттіміз. Содан кейін ары қарай біз өнерімізді дамытып жатырмыз. Ешқандайда кедергі келтірмейді. Нақты әнге немесе өнер мамандығына болмаса да шығармашылыққа түсеміз. Өйткені біздің жанымыз шығармашылыққа жақын.

Мерекелік кешке «Youngsters» тобы 10 шақты ән дайындаған. Бүгінде талантты балалар өздерінің мүмкіндігін әр бағытта сынап жүр. Қоржындарында қазақшадан бөлек, орысша тректер де бар. Сондай-ақ, өнерпаздар «Q-pop» бағытымен қатар «поп» жанрына да көңіл бөлуде.

«Youngsters» тобы:

– Бізде қазір бір толық альбом бар. Енді қазір осы жылдың соңына дейін дайындалып жатқан өлеңдер келесі жылға жарық көреді. Егер әндер жақсы өтіп жатса онда оларға клип те түсіріледі.

«Youngsters» тобының қуанышына өнердегі әріптестері мен аға-әпкелері түгел жиналды. Соның бірі «EQ» тобының мембері Тико! Ол жасөспірімдер ұжымына 4 жыл толуын үлкен жетістік деп есептейді.
Tiko, әнші:

– Інілерім сияқты, қарындастарым сияқты балалар, кішкентайынан барлығы осындай болған ғой, қазір көрсем бойлары деген сорайып кеткен. Шошып отырмын көріп, 4 жыл деген кішкентай балдар үшін өте үлкен срок деп айтуға болад. Себебі мен біздің екі топта да екеуінен де 4 жыл болмай жатып қалай айтсақ болады, «распались» дейді ғой.
Мерекелік кеште Тикодан бөлек, «Mad Men»-дік Арон, экс «DNA»-лық Ocean, «XTZ» тобы мен «Yolo house» мүшелері және «Youngsters» тобының фанаттары қонақ болды.