Стриптиз бишісі! Веб-кам жұлдызы! Актриса Фариза Ескермес мамандығын ауыстырғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Фариза Ескермес енді стриптиз билеп, веб-кам арқылы сексуалды қызмет көрсетіп жүр. Бұл актрисаның кезекті туындыдағы жаңа образы. Десек те Фаризаның кейіпкері шынайы өмірден алынған. Ол мұндай жолға қалай түсті? Келесі бейнематериалда...

 

Гүлдана Мұқан, тілші:

Алаяқтарды қалай анықтауға болады? Арбауына ілігіп қалмас үшін не істеу керек? НТК бұл сауалдардың жауабын кино тілімен жеткізуді жөн көрді. Жақында, олардың барлық схемасы ашылады.

Назарларыңызда алаяқтардан құралған жасақ! 11 түрлі кейіпкер, бір миссия үшін бірігеді. Ол – қарапайым халықты алдап, тонау. НТК арнасы ұсынған авантюраға толы, шынайы оқиғаға негізделген «Мошенники» атты жобаның түсірілім жұмыстары өз мәресіне жетті.

Телехикаяда дәл осы 11 қарақшы бірігіп афералық жоспар құрады. Онда IT маманы, ұрылар, қала берді банк қызметкерлері де бар. Телехикая шынайы оқиғаларға негізделген. Ал, бұл кейстер мен нақты фактілерді құқық қорғаушылардың өздері сериал авторларының қолдарына табыстаған.

Жібек Байназарова, актриса:

- Өте көп инсайд алдық, өте көп полезный информация алдық, Мошенниктер туралы, білмейсің, өзің мошенник емессің, оның рөлінде болу үшін, сен оны білу керексің, қандай екенін. Мен өзім мошенниктердің психологиясын көп изучать ете бастадым. Үйрене бастадық, олар қалай ойлайды, не үшін оған барды деген сияқты.

Стриптиз биші, вебкам модель, алаяқ! Фариза Ескерместің жаңа образы қазірдің өзінде көремендер арасында қызу талқылануда. Себебі, бұндай образды сомдау расымен батыл қадам. Ең таңқаларлығы оның прототипі бар және ол кейіпкердің шынайы оқиғасы сериалға арқау болған.

Фариза Ескермес, актриса, блогер:

- Ол қыз өмірде бар. Ол қыз ішінде өте жақсы қыз негізі, бірақ сондай семьядан шыққан. Әкесі ерте қайтыс болған, наркотиктан.13 жасында үйден қашып кеткен, сосын официантка болып жұмыс істеген, сосын жаңағы ыдыс жуған, стриптизерша болған, одан кейін веб-камға келген.

Криминалды драманың түсірілім жұмыстары 1 айдан астам уақыт жүргізілді. Жобаның идея авторы әрі продюсері Рүстем Омаров. Актер туындыда алаяқтардың басшысын сомдайды.

Азиз Абилов, актер:

- Мошенник болу үшін, менің ойымша ол актерский мастерство болу керек та, психологический адамды білу керек. Сөйлесе білу керек, тіл байлығың болу керек. Қазір мысалы, адамдар наивный ғой мысалы. Көбісі айтсаң сеніп қалады.

Бүгінде қоғамдағы актуальды тақарыпты қозғаған жобада актерлық құрам дебьютантардан құралған. Ал олардың образдары шынайы өмірден алынған.

Тауасар Мақсат, актер:

- Бывший банкир, алдында сондай жұмыс істеген, ол жұмыстан неше түрлі нәрсе көргеннен кейін, осындай мошеникке баруға тура келді.

Алтынбек Рахымбек, актер:

- Детдомда көрген неше түрлі андай зорлық-зомбылық сондайлар, негізі өмірде реально бар ғой. Не только детдомда, садиктредің өзінде қазір сондай болып жатыр ғой.

Азиз Абилов, актер:

-Мен спортсмен болғам, спортта да то что коррпупция жеңген кезде жеңілдің деп, сондай нәрселер үшін, осындай мошеничествоға түсіп кеткен жолы бар.

Әлібек Таңат, актер:

- Телефонмен кредит алып жіберу, біреудің атынан алдап отырып, сондай жағдайларды көп естиміз да жастардың ішінде. Сол пробламаларды осы сценарийіге салып прям, өмірдегідей өте керемет сериал.

Қарақшылардың қылмыстық схемаларынан бөлек телеөнімде көрермен құқық қорғау қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарына да куә болмақ.

Азиз Абилов, актер:

- Бұл сериалды көру керек, бұл сериал өте көп адамның көзін ашады деп ойлаймын.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- «Мошенники» телехикаясы күз айларында НТК эфирінен шығады. Расымен де, бұл бұрын соңды телевидениеде болмаған, ерекше жоба. Авторлардың айтуынша, дәл осы туынды эфирге шыққан соң, алаяқтар құрбандары азаяды. Ендеше, күтейік.