Шәріп Серік грузин аруымен отау құрмақ! | RevueNews

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қазақ пен грузин құдаласпақ. Себебі өзіміздің Шәріп Серік, Шако грузин қызын қалыңдық етіп алуға ниетті. Тек шынайы өмірде емес, ол түскен жаңа фильмнің желісі сондай.

Шәріп Серік, актер:

-Фильмде Шако грузин қызына ғашық болады? Сонда Грузин елімен құдаласамыз ғой.

  • Бұйырса, бұйырса. Любой опытқа андай бара беремін да мен. Все равно мне.
  • Өзіңіз өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастыру туралы не ойлайсыз?
  • Бәріміз осы жердің адамымыз, ертең не болатынын білмейміз, бір-бірімізді жақсы көру керекпіз, күліп жүру керекпіз, сыйлау керекпіз, жақсы көріп, семья құрып деп па.
  • Не себепті, Шако көп фильмдерде тек романтик жігітті ойнайды?
  • Қазақстан кинематографына басқаша көзқараспен қарайтын болдым, жобаларды енді таңдайтын боламын. Маған қызық болса, мен түсетін боламын. Ары қарай ақша жағынан енді, егер продюсерлар осы, осыны көріп жатса, ақша жағынан бәрібір не болса сол болсын.

Қос ел бірігіп таспалаған жоба – «Больше чем любовь» деп аталады. Халықаралық картина 2021 жылы Грузия мен Қазақстанда карантин кезінде таспаланған.

Шәріп Серік, актер:

  • «Больше чем любовь» картинасы халықаралық жоба болды, ауқымдылығы сезілді ма ?
  • Жоқ!
  • Не себепті?
  • Голливудтың бір керемет киносы түсіп жатсам да ол жерде де мен масштабын көрмейтін шығармын.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- «Больше чем любовь» - Фархад Әбдірайымов түскен соңғы фильм. Тау тұлға дәл осы жобаның түсірілімінде жүріп көз жұмған еді. Сол сәтте фильм Тбилиси қаласында таспаланып жатқан-ды.

Туындының көрсетіліміне Фараның жұбайы мен ұлы келді. Әйгілі актердің отбасына аса ыждаһаттылықпен құрмет көрсетілді.

Жеңіс Тұматаев, режиссер:

  • - Не себепті жобаны ұзақ күттік?
  • - Фархадтың мезгілсіз өмірден өтіп кетуіне байланысты кідіре тұрдық. Маңызды себебі осы.
  • Фархад ағаның сахналары түсіріліп үлгердіңіздер ма?
  • - Иә, Фархадтың барлық сахнасын түсіріп үлгердік.

Қос елдің киногерлерін ортақ алаңға жинаған комедияда ТОП әртістер көп. Мәселен, ресейлік «Солдаты» телехикаясы арқылы танылған Амаду Мамадаков фильмде бой көрсету үшін Қазақстанға арнайы келген еді. Сондай-ақ, грузияның танымал әншісі Сосо Павлиашвили және марқұм киногер Вахтанг Кикабидзе де туындыға өз үлесін қосты.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Бұл жолы қандай Тәуекелді көреміз китнодан?

  • Соғыс кезіндегі уақыт, сол уақытты көрсетеді.
  • Актерлық планкаңыз көтеріліп кеткен сияқты. Себебі, соңғы кезде тек халықаралық жобалардан ғана көреміз.
  • Көтерілді деп айтпай-ақ қояйын, әлі баратын жаңағы дәлелдейтін нәрселер көп.

Төлепберген Байсакалов, актер:

- Біріншіден ең ауыр түсірілім болды. Себебі, сол сәтте Грузияда локдаун болып жатқан еді. Локациялармени келісе алмағандықтан сценарийді өзгертіп отырдық,

- Грузин елімен фильм таспалау Қазақстанның ұсынысы екен, не себепті Грузия елімен?

- Себебі, бұл қазақ киносының тарихында болмаған жағдай. Қос елдің қарым-қатынасын фильм арқылы неге нығайтпасқа. Екі түрлі тағдырда бір хикая, ол көрермендерге де қызық.

Илья Чхаидзе, актер

- Дәл осы фильм үшін Грузия елінен арнайы шақырту алдыңыз ба?

  • - Жоқ, білесіз ба фильмнің режиссері біздің туысқанымыз. Осылайша мен жобаға аяқ асты келіп қалдым.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Карантинге қарамастан таспаланған лента көрермен көңілінен шыға ма? Отандық қана емес ТМД елдерінің киносүйер қауымы халықаралық жобаны қалай қабылдайды? Оны кассалық табысынан кейін білетін боламыз.