Қырғыз әншісі Ulukmanapo Алматыда! Хитмен музыканттың тректері Damelya Sweet-ке арналғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл осы «Расстояние», «Летали», «Азиатская эстетика» тректерін тыңдамаған ТМД-лықтар жоқ шығар. Ал, осы жылдың хит туындыларын орындайтын - Ulukmanapo! Қырғызстандық рэп-орындаушы Алматыда алғаш рет жеке ән кешін өткізді.

31 жастағы Ulukmanapo-ның атағы шарықтағынына аз ғана уақыт өтті. Соңғы жылдары ауқымды аудитория жинай алған музыкант Қазақстандық тыңдарман үшін кумирге айналды. Улукманны танытқан TikTok, Instagram желілері. Ал, басты табыс көзі - ютубтағы монетизация.

Ulukmanapo, рэпер:

-Улукман, қайырлы кеш. Алматыға қош келдің! Алматылық тыңдарман қалай қарсы алды?

  • Очень тепло встретли.. Жылы қарсы алды, осындай қолдау көрсеткен әрбір тыңдарманға алғысым шексіз.
  • Көптеген тыңдармандар сіздің әндеріңді жатқа білгенімен, түріңізді көбі тани бермейді. Бейнеңді брендке айналдыру жоспарда жоқ па?
  • Білмеймін, әзірге ондай жоспар жоқ. Бірақ тректер жазу ойда бар.

Гүлдана Мұқан, тілші:

-Дәл осы кеште Hiro, Ayau, Zheka Fatbelly және Yenlik сынды ТОП әртістер сахнаға шығады. Алматы Аренаны лық толтырған концертте құпия қонақ та келген. Хедлайнер кім? Қазір анықтаймыз!

Концерттің құпия қонағы рэпер – Shiza! Музыкант кешке арнайы шақырту алып Еңілпен бірге өнер көрсетті.

Yenlik, рэпер:

- Соңғы кездері сіздің шығармашылығыңызда тректерінің көбі жарнама болып кеткен сияқты, комерцияға бет бұруыңызға не себеп?

  • Ол да бір, менің жұмысымның бір реті деп ойлаймын, қатты жарнамаға бет бұрған жоқпын.
  • Сіздің осындай ауқымды кешіңізді қашан көреміз?
  • Әлі кішкене ерте деп ойлаймын. Бір болсын альбом жазып, содан кейін барып беру керек сияқты.

Zheka Fatbelly, блогер, музыкант:

  • Улукманапомен ортақ дуэт бар. Коллаб жасау кімнің идеясы болды?
  • Менің идеям болды,Өте работаспособный жігіт екен, аз уақыттың ішінде өзінің куплетін салып жіберді болды.
  • Соңғы кездері инстаграмға қарағанда өнерге, музыкаға көп бет бұрып кеттіңіз?
  • Жалпы ең маңызды нәрсе бір үшін денсаулық болды, сондықтан арықтау жағын түзеледік, ол уақытта өлең шығармадық, қазір енді арықтау жолы андай бір стабильный шегіне жетті да, сондықтан да енді өнерге қарай бет бұрдық.

Өнері арқылы көпшілікке танылса да Улукман Осмоналиев өмірі жайлы еш жерде жақ ашпайды. «Бұл өмірлік ұстанымым», - дейді музыкант.

Ulukmanapo, рэпер:

  • Тректеріңнің басым бөлімі махаббат тақырыбында, музаңыз бар ? кімге арнайсың?
  • Иә, менің музам бар, ол менің – жұбайым. Барлық туындыларымды жарыма арнаймын.

AYAU, әнші:

- Дәл қазір менің жанымда, соңғы кездері хитке айналған «Сыбырлайын» трегінің авторы әрі орындаушысы Аяу. Қателеспесем бұл сенің ең ауқымды кештеріңнің бірі?

  • Оған дейін де болған негізі, иә Беу фестивальде болған. Мынау осымен кінші үлкен алаңдағы концертім.
  • Соңғы жарты жылда Мдидің «Закрытый клуб» лейблында өнер көрсетіп жүрсің қандай өзгерістер болып жатыр шығармашылығыңда?
  • Менің ойымша мен өстім, яғни сахнада өнер көрсетуім менің басындағы қарағанда үлкен кәдімгідей өскен. Оны өзім байқаймын

Damelya Sweet, блогер:

  • Дәл қазір менің жанымда, Улукманапоның кешіне келген қонақтар тұр, Damelya және Әнеля, қыздар көңіл-күйлеріңіз қалай?
  • Рақмет өзіңіз, күшті керемет.
  • Менде де бәрі жақсы рақмет.
  • Улукманапоның фанатысыздар ма?

Әнел Кенжебекова, блогер:

  • Біздің стористан көруге болатын сияқты, «между нами растояние» деп... Екі жақтан айқайлаймыз ғой.
  • Бакр және Улукманапоның әндері біздің танымал блогер қыздарға арналған деп естідім соның арасында сізде бар екенсіз?
  • Немене? Не знаю честно, я даже с Бакром не знакомо.
  • Мүмкін сіздерге сырттай ғашық болып ән шығарып жүрген шығар?
  • Мен эталон красотымын ба енді получается. Жо-Жоқ-жоқ. Рас емес. Ulukmanapo, рэпер:

- Қазақстандық музыканттармен ортақ коллаб жасау жоспарда жоқ па?

- Hiro, Shiza бірге дуэтіміз шығады. Күтіңіздер!

Отандық әртістермен өнерде ғана емес, өмірде дос болып үлгерген Улукман, кеш соңында марқұм Дархан Джузды еске алды. Өнерпаздар Дарханның хит тректерінің бірі «Шекерді» халықпен бірге орындады.